Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелде Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, сарапшы Галина Поваляшко өз пікірімен бөлісті.
Мәдениет саласы қызметкерлері үшін Жолдаудың жетінші бағыты маңызды саналады. Әсіресе «Адами капитал – жаңғыру негізі» ерекше назарда, бұл жерде мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуетін арттыру туралы терең ой қозғалған. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», делінген Жолдау мәтінінде.
– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сауалдарға жауап береді. Ол еліміздің әлемдік сапа стандарттарына ұмтылысының дұрыстығын дәлелдеді. Басымдықтар арасында, әсіресе адами капиталдың жаңа сапасы көрсетілгені аса маңызды: мұғалім кәсібінің мәртебесі артады, денсаулық сақтау саласында өзгерістер жүзеге асырылады, базалық зейнетақы мөлшері өседі. Ал біздің қазіргі басты міндетіміз – мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту. Елбасының арқасында жыл сайын елімізде жаңа ғылыми орталықтар, мәдениет мекемелері, саябақтар ашылуда. Зияткерлік мектептер, сондай-ақ Назарбаев Университеті, «Астана Опера», Ұлттық мұражай, «Астана Балет» театры тәрізді қаншама мәдениет ошақтары мен халыққа рухани қызмет көрсететін орындар бой көтерді. Хореография академиясы салынды – осының бәрі еліміздің рухани-мәдени дамуына Президентіміздің жасап жатқан орасан зор еңбегі, – деп атап өтті театр директоры Ғалым Ахмедьяров.
Қаршыға КҮЛЕН
АСТАНА