17 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №61/105

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласы,     2011 жылғы 16 қараша Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасының, 101-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. 2012 жылғы 15 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының   төрағасы Қ.Тұрғанқұлов, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.  

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 16 қарашадағы № 61/105 қаулысына қосымша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Толық мәтіні