Аймақтар • 21 Қаңтар, 2018

Баянауылдың аэродромын аяқтау үшін 250 млн теңге қажет

28 реткөрсетілді

Аудан орталығында былтыр шағын аэродром құрылысы басталды. 

Бір жылда құрылысы да аяқталды. Бір-екі рет ұшу бағытын сынап көрген ұшақ қонды. Содан бері Баянауылға ұшақпен ұшқан жолаушылар жайлы естілмейді. Бірақ, аудан әкімдігі қазір бір емес, бірінен соң бірі 20 ұшақ қондыра аламыз деп отыр. Сөйтіп, туристердің келіп-кетуіне жағдай жасайды. Чартерлік рейстер қабылдауды да жоспарлауда. Қаражат бөлінді, ұшақ бар, аэродром дайын, жолаушы сұранысы артса болды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Астана-Баянауыл, Қарағанды-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл бағыттарынан шағын ұшақтарды қабылдамақ. Бастапқы екі бағыт республикалық бюджеттен, ішкі рейстер облыс бюджетінен субсидияланбақ. Әуе рейстерін жасауға 2 авиакомпания дайын көрінеді.

Ұшты, ұшты ұшақ ұшады! Тағы да  аэродромға арналған жобалық-сметалық құжат, жоба-жоспар жасалыпты. Әуеге арналған жобалардың орындалуы үшін шамамен тағы да 250 миллион теңге керек көрінеді. Негізі бұндай қыруар қаражат жерге де керек: Баянауылға баратын республикалық жол әлі жөнделмей тұр. Жылдағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары да күтіп тұр. Жол бойындағы Майқайың кенті маңайынан су қоймасы салынса, тасқын судың арнасы бұрылып, ауылдар үрйеленбес еді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарашақазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 17:05

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар