Экономика • 22 Қаңтар, 2018

Еңбекақы көлемі түпкі нәтижеге байланысты болмақ

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова қанатқақты режімде  мемлекеттік органдарда жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу туралы баяндады.

 

Еңбекақы көлемі түпкі нәтижеге байланысты болмақ

Айгүл Шаимова  факторлы-балдық шкала негізіндегі мем­ле­кет­тік қызметкерлердің лауазым­дық қызметақыларын құру және бонустар жүйесі, бұрын тәжі­рибеде қол­да­нылған жүйеден жа­ңа жүйенің негізгі айырмашы­лық­тары, мемлекеттік қызмет­керлер еңбегінің нәтижелері қалай және қандай өлшемдер бойынша баға­ланатыны туралы хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің өкілі Ғанижан Асанұлы жаңадан енгізіліп жатқан еңбекақы төлеу жүйесі туралы кеңінен баяндады.

«Жаңадан енгізіліп жатқан еңбекақы төлеу жүйесі негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі, тұрақты түрде алып отыратын жалақы, сонымен қатар жыл соңында оның нәтижесіне байланысты алатын бонустар. Бонусқа келетін болсақ, бұл неге жылдың соңында? Әрбір мемлекеттік органның алдында жыл басында стратегиялық міндеттер, мақсаттар қойылады. Егер мем­лекеттік орган жыл соңына қарай қан­дай да бір стратегиялық міндетке жете ал­маса немесе оның қызметі керісінше тиімді болып табылмаса, онда тек мем­лекеттік органның басшысы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерге де жауап­кершілік түседі. Себебі күнделікті өмірде мемлекеттік орган алдында тұрған мін­деттерге қызметшілердің де тікелей әсері бар. Тиісінше әрбір қызметші жыл соңында белгілі бір бонусқа қол жеткізгісі келсе, ол өзінің қызмет тиімділігін, сонымен қатар жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады. Және де бонустың енгізілуі ең алдымен, бәсекелестік тудырады. Бәсекелестік бар жерде сапаның артатыны айқын», деді ол.