Қазақстан • 22 Қаңтар, 2018

Ел өндірісі жаңа технологиялар енгізудің көшін бастауы тиіс

1075 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан хал­қы­на Жолдауын күтіп отырамыз. Өйт­кені әр Жолдау мемлекет дамуы­ның белгілі бір бағытын, сипатын анықтап береді. 

Ел өндірісі жаңа технологиялар енгізудің көшін бастауы тиіс

Бұл тәуелсіз Қазақстан халқына даму­дың жаңа кезеңінде жолбасшы секілді. Дүние жүзіндегі да­мы­ған, мойны озық елдердің қата­рынан көрінуге талпынып отыр­ған еліміз үшін Елбасының әр жылғы Жолдауы алыс-жақын кезеңге жасалған нақты жос­пар болып келеді. Соколов-Са­ры­бай кен өндіру бірлестігінің 18 мың адамнан тұратын ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­­­стан халқына жолдаған «Төр­тін­ші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты кезек­ті Жол­­дауымен ыждағатты түр­де та­нысты. Өйткені кемел бо­ла­­­шақ­тың өз еңбегімен келе­­ті­нін бі­летін жұмысшы халық­­ты елдің жаңа сатыға көтерілуі, қа­зақ­­стан­дықтардың әлеу­меттік игілік­­тері назардан тыс қал­дырмайды. 

Жолдауда Елбасы елдің алдына он міндет қояды. Солар­дың көшін бастап тұрған бірін­ші мін­дет «Индустрияландыру жаңа­ технологияларды енгізудің көш­бас­шысына айналуы тиіс» деп аталады. Өндіріс қашанда экономиканың көшбасшысы екені аян. Кен алыбы саналатын, бүгінде дүние жүзіндегі санау­лы ірі кен орындарының бірі, Еуразия тобына кіретін Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі еліміз өндірісінің флагманы саналады. Барлығын жаһандық бәсеке таразылап тұрған кезеңде инновациялық технологияларды енгізбей көштен қалатынымыз айқын. Себебі өндірген өнім өтпесе ол шығынға айналатыны экономикадағы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал ин­но­­вациялық озық техно­л­огия­лар енгізілмей, кәсіп­орын­ның экспорттық әлеуе­ті жоғар­ы­ла­майды.  

Өткен ғасырдың ортасында іргесі қаланып, темір кенінің алғашқы тоннасын берген алып кеніштің ХХІ ғасырда мақсат-мүддесі жаңа сипатқа ие болып отыр. Мақсат бұрынғыдай көрсеткіш қуу емес, әңгіме сапаға келіп тіреледі. Сапаның болуы және жаһандық бәсекеге төтеп беру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Жол­дауда қойып отырған мін­деттер тұрғысынан көрінуіміз қажет. ХХІ ғасыр Индустрия 4.0, төртінші өнеркәсіптік революциясын алға тартып отыр. Осы міндет алдымен өндірісті айналып өтпейді. Мысалы, жыл аяғында Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне қарасты Қа­шар кен басқарма­сын­­да аме­ри­калық «Модулар Май­нинг Сис­­темс» компаниясының DISPATCH жүйесін енгіздік. Со­ның арқасында Қашар «ақылды кеніш» аталды. 

Оның мәнісі мынада, ауысым сайын Қашардан кен арту үшін 14 экскаватор, 30 технологиялық ав­томобиль жұмыс істейді. Осы техникаларды дұрыс пайдалану, оларды орналастыру, тасы­латын кеннің көлемі, сапасы туралы ақпарат алу үшін қаншама уақыт кететін еді. Ал кез келген бизнесте, кез келген салада уақыт ресурс, қаржы, табыс болып саналады. Қазір осы жұ­мыс­­тарға қатысты толып жат­­қан ақпараттың барлығы дис­пет­чердің басында емес, аса дәл­дік­пен жүйеде тұрады, ма­мандар оны компьютерден бақылап, көріп отырады. Біз осы бағытта дами беретін боламыз. Айтпақ­шы, жыл аяғында өт­кен Жал­пы­ұлттық телекөпірде Қашар ке­нішінің алаңында осы «ақыл­ды кеніш» жобасын іске қосқа­ны­мызда, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы кен­шілер мен металлургтер бастамасына риза болып, «бұл «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламасының алғашқы қарлығашы» деп баға­лаған болатын. 
Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау­да екінші қойып отырған мін­детті де біз өз жұмысымызда басты назарға алатын боламыз. Елбасы «табиғи ресурстарды басқару­ға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтауды» тапсырып отыр. Өте дұрыс. Жеріміз табиғи ресурстарға бай, бірақ келер ұрпақтың қамын ойласақ, барлық шикізат түрін мақ­сатсыз оңды-солды өн­діру­ді, шашуды уақыт сипаты көтер­мейді, оған үнемшілдікпен қарауға тиіс­піз. Сол үшін Мем­лекет басшысы өндірудің озық технология­ларын, кешенді ақ­параттық-тех­но­логиялық платформаларын б­а­рынша белсенді енгізуді тапсыр­ды. Үнемі даму үстінде келе жат­қан кен алыбы бұл міндеттер үде­сінен де табылады деп ойлаймыз. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойып отыр­ған міндеттері анық әрі әр қазақ­стан­дыққа түсінікті. ХХІ ғасыр­да басталған жаһандану дәуірін­де Қазақстан да «Төртінші өнеркә­сіптік революция» жетіс­тіктерін барынша енгізуі және оны пайдалануы тиіс. Бұл орайда кеншілер қашанда көш басынан көрінбек. 

Береке МҰХАМЕТҚАЛИЕВ,
«ССКӨБ» АҚ президенті

Қостанай облысы,
Рудный қаласы