Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018

Тірлігі тиянақты Түпқараған

479 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түпқараған ауданында 29 мыңнан астам тұрғын бар.  Аймақта ірі мұнай және мұнай сервистік компаниялары жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда құрылыс материалдары өндірісі өркендеуде. Жергілікті халық түйе, жылқы, қой өсірумен айналысады.

Тірлігі тиянақты Түпқараған

-2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 521,4 млрд. теңгені құрады.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1759,8 млн. теңге сомасында өндірілді.«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 123,2 млн. теңге 4 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.2017 жылы 4245 жаңа жұмыс орны құрылды.Ауданда 7 мемлекеттік медициналық мекеме, 11 балабақша, 6 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме, 9 жалпы білім беретін мектеп бар.Үш ауысымдық оқытуды жою үшін 2018 жылдың қыркүйек айында  Сайын Шапағатов ауылында 600 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды, деді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.

Аймақ басшысының Қызылөзен ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында ішкі жолдарды жөндеу мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ауылға су таситын көліктер арқылы су жеткізіледі. Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 7592,8 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу керек.  Ералы Тоғжанов қаржыны нақтылапЖСҚ-ға бөлу туралы нұсқау беруді тапсырды.Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жергілікті мектептердегі мұғалімдердің жетіспеушілігі, интернет желісімен қамту және ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

-Біз жастарға өз бизнесін қалай бастау керектігін үйретуіміз қажет. Егер дұрыс бағыт көрсетілсе, жастарымыз табысқа жетеді. Сондықтан оқуға дайын және үйренуге ниетті жастарды жинап, бизнес жүргізу бойынша Ақтауда курстар немесе тренингтер ұйымдастыру керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Баутин ауылының тұрғындар саны - 4,554 адам. «Нұрлыжол» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен «Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылынсумен жабдықтау және кәріздік жүйелерді енгізу» жобасы іске асырылуда. Осы мақсатта 1450,4 млн. теңге бөлініп, игерілді.Ауылда 52 шаруашылық объектісі,  8,5 мың мал басы бар. Баутин ауылында 50 кәсіпкер балық аулаумен айналысады.Ауыл тұрғындары балық аулауға субсидия қарастыруды сұрады.Олардың айтуынша, бұл балық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі.Баутин ауылының әкімі Дәулеткерей Меңдіханов қазір ауылда балық қабылдау пункті, консервілеу цехтері үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Техникалық-экономикалық негіздеме дайын болғаннан кейін, барлық жобалар инвесторларға ұсынылады.Сондай-ақ, Агро-Кредиттік корпорациясымен ынтымақтастық негізде жұмыс істеу қарастырылуда.

Түпқарағандағы іргелі шаруашылықтың бірі - Бегеш жеріндегі мал өсірумен айналысатын шаруашылық. Сәндібек Қосуақовтың фермасында 3,5 мың қой, 300 сиыр, 300 жылқы бар. Өткен жылы жеке кәсіпкерге 15 миллионнан астам теңге субсидия берілді.

-Шаруашылықты дамыту үшін 500 млн. теңгеден астам жеке инвестиция жұмсалды. Сондай-ақ біз 17 км электр энергиясын тарттық, ең бастысы – мал сатып алдық. Біздің шаруашылықта 43 адам жұмыс істейді. Биылғы жоспарымыз – мал санын 10 мыңға дейін арттыру, деді Сәндібек Қосуақов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

 Маңғыстау облысы