18 Қараша, 2011

Семей зауыты жаңғыртылмақ

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ өзінің еншілес кәсіпорны «Семей инжинирнг» АҚ-қа шамамен 2 млрд. теңгеге инвестиция салды. Бұл қаражат қолда бар өндіріс алаңдарын қайта жөндеу мен қазіргі заманғы жабдықтарды орната отырып өндірісті жаңғыртуға бағытталмақ. Аталған шаралар импортттық құрастыру бұйымдарына деген тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендету мен зауыттан шығатын өнімдердің құнын айтарлықтай азайтуға әрі қазақстандық мазмұнның үлесін 80 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді екен. Сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг » АҚ президенті Болат Смағұлов екі жүзден астам жоғары білікті мамандарды жұмыспен қамтуға жағдай туатындығын айтады. Зауыт ағымдағы жылдың мамыр айына дейін дағдарыс салдарын сезініп, кәсіпорынның бюджет және жеке ұйымдар, сонымен қатар жұмысшылар алдында еңбекақы төлемі бойынша берешегі болған. Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінің, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың белсенді қолдауының арқасында қаржылық проблемалар өз шешімін тапқан. Бұдан әрі Украина мен Ресейдің өндіруші зауыттарымен қосалқы бөлшектерді, жинақтамалар мен жабдықтарды жеткізу бойынша жаңа келісім-шарттар жасалуда. Қазірдің өзінде ауыр бронетанк техникаларын күрделі жөндеу жөніндегі технологиялық желілердің алғашқысы жеткізілу үстінде. Келесі желілер биылғы жылдың желтоқсанында жүзеге асырылатын болса, бұл өз кезегінде тек жөндеу ғана емес, сол сияқты бронетанк техникаларын жаңғырту болып табылады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.