Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Орталық Азиядағы ең ірі «Inter­national Education Fair 2018» білім көрмесін өтеді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Interna­tio­nal Education Fair 2018 – Халықаралық білім көр­месі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. 

Орталық Азиядағы ең ірі «Inter­national Education Fair 2018» білім көрмесін өтеді

Шараға «Халықаралық бағ­дар­ламалар орталығы» АҚ пре­зи­денті Жанболат Мелдешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» вице-президенті Мейір­жан Алпысбайұлы, Оқы­ту­ды ұйымдастыру департаментінің директоры Ақмарал Сапанова қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Орталық Азиядағы ең ірі «Inter­national Education Fair 2018» ха­лық­аралық білім көрмесін өткіз­гелі отыр. Көрмеге 100-ден астам отандық және АҚШ, Ұлы­бри­тания, Еуропа мен Азия және ТМД сияқты шетел жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысады», деді Ж.Мелдешов.

Сонымен қатар ол шараға 10 мыңнан астам адам қатысатынын тілге тиек етіп, оның мақсатына да тоқталып өтті. «Аталған көр­ме білім саласындағы халық­аралық ынтымақтастықты артты­ру, шетелде стипендиялық бағдар­ламалар арқылы білім алу мүмкін­діктері жайлы хабардар ету, сонымен қатар халықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасуды көздейді», деді Ж.Мелдешов.

«International Education Fair 2018» көрмесі 20-25 қаңтар ара­лығында Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында өтеді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»