Әлем • 23 Қаңтар, 2018

СІМ: Кабулде болған террорлық шабуылға қатысты мәлімдеме таратты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның Кабул қаласында болған террористік шабуылға қатысты мәлімдеме таратты. Онда шаһардағы «Интер­континенталь» қонақ үйінде жасалған жарылысты Қазақстан тарапы қатаң айыптайтыны айтылған, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. 

СІМ: Кабулде болған террорлық шабуылға қатысты мәлімдеме таратты

«Бұл Ауғанстан үшін ғана емес, елдегі бейбітшілік пен дамуды қалпына келтіруге атсалысып жатқан халықаралық қоғамдастыққа қарсы жа­салған қан­құйлы және өрес­кел әрекет. Қазақстан тарапы жауап­кер­шілікті сезіне оты­рып, Ауған­стандағы терроризм мәселесін түбегейлі шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажет екенін мә­лімдейді», делінген Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлім­демеде. 

Қазақстан тарапы Ауған­стандағы барлық саяси күштерді татуласу бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде елдегі жағ­дайды тұрақтандыруға, тер­роризмді жоюға және қалпына келтіруге жан-жақты жәрдем көрсететіні айтылған.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төр­ағасының қаңтарда қабыл­даған мәлімдемесі ха­лықаралық қоғам­дастықты елдегі саяси жағ­дайды тұ­рақ­тандыру мақсатында Ауған­станға қолдау көрсету­ге шақырады. Қаза болған­дар­дың туыстары мен жақын­дарына көңіл айтамыз, сон­дай-ақ жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуін ті­лейміз», делінген ми­нис­трліктің мәлімдемесінде.

Сенбі күні Кабулдағы «Ин­­терконтиненталь» қонақ үйіне қарулы басбұзарлар басып кіріп, 20-дан астам адамды жайратып салған. Оқи­ғаны «Талибан» террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Қаза тапқандар ара­сын­да қазақстандық бір азамат бар. Бақилық болған отан­да­сымыздың отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.