Қазақстан • 23 Қаңтар, 2018

Камалхан Қуан: Елбасының биылғы Жол­дауында білім саласының жан-жақты қамтылған

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының биылғы Жол­дауында білім саласының жан-жақты қамтылғаны бізді қатты қуант­ты. Адамзат баласының бүгін­ге дейін қол жеткізген ұлы игілік­терінің барлығы – білім, оқу мен тоқу арқылы жасалған. 

Камалхан Қуан: Елбасының биылғы Жол­дауында білім саласының жан-жақты қамтылған

Сон­дық­тан білім беру саласы Елбасы­ның назарынан ешқашан тыс қал­ған емес. Мемлекет басшысы биыл­ғы Жолдауында заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маман даяр­лау, сондай-ақ білім беру бағ­дар­ламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу керек­тігін айтады.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұн­ға көшу басталды, ол 2021 жы­лы аяқ­талатын болады. Бұл – мүл­де жаңа бағдарламалар, оқу­лық­тар, стандарттар және кадрлар. Педа­гог­тарды оқыту және олар­дың бі­лік­тілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Елі­міз­дің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.

Білім берудің барлық дең­гейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», делінген. Демек, алдағы уақытта жастарды бәсекеге қабілетті, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәр­биелеу үшін оларға білім беретін мұғалімдердің де соған сәйкес біліктілігін арттыруымыз керек.

Елбасының биылғы Жол­дауын­да, сондай-ақ білім саласында еңбек ететін мамандардың жағ­­да­йын жасау, мұғалімдердің ең­бек­­ақысын көбейту, оқушы­лар­дың оқу жүктемесін төмендету, цифрлы білім беру ресурстарын дамыту, еліміздегі мектептер­­ді видео­құрылғылармен жаб­дық­тау, т.б. атқарылатын жұмыс­тарды белгілеп берді. Енді біз осы міндеттерді бұлжытпай орындап, еліміздің дамуы жолында ерінбей еңбек етуіміз керек. Елбасының игі бастамаларына қолдау білдіріп, жаңа күндерден тек жақсылықтар күтейік!

Камалхан ҚУАН,
ардагер-ұстаз, Қазақстан білім беру саласының үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері