Аймақтар • 23 Қаңтар, 2018

Шымкентте «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы бойынша 288 отбасы баспаналы болды

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Халық даналығы осылай дейді. Бұл әсіресе ірі мегаполистерде қатты білінеді, қабырғаға аяз­­дай батады. Осы түйткілді мемлекеттік бағдарламалар о­ң­­тай­лы шешіп келеді. Күні кеше Шымкентте «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. Тоғыз қа­батты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» жә­­не «Шымкентстрой» ЖШС мердігер мекемелері жүр­гіз­ген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы бас­тал­ған болатын.

Шымкентте «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы бойынша 288 отбасы баспаналы болды

Пәтер кілттері тапсырылған салтанатты жиында облыс басшы­сы Жансейіт Түймебаев мем­­лекеттік «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы аясында елге бе­рі­ліп жат­қан тұрғын үйлер Ел­ба­сының ха­лыққа деген қам­қорлығының көрінісі екен­дігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гі­зіп отырған саясатының мақ­са­­ты – әрбір қазақстандық отба­сын же­ке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Елімізде соңғы жы­лдары жүзеге асырылып жат­қан «Нұр­лы жол» мем­лекеттік бағ­­дар­ламасы аясын­да облыс ор­­та­лығын айт­па­ғанда, өңір­дің түкпір-түк­пірінде тұрғын үйлер қар­қынды бой көтеріп, жер­лес­те­ріміз жаңа пәтерлерге ие болу­да. Міне бүгін мемлекеттік бағ­дарлама бой­ынша 288 пәтер өз иесін тапты. Биылғы жыл бүгінгі пә­тер иелері үшін қуанышты сәт­тен басталғалы отыр. Сіз­дер­ді қоныстарыңызбен құттық­тай­­мын, шаңырақтарыңыз ба­қыт пен қуанышқа, бала күл­кі­сіне тол­сын, – деді облыс бас­шысы.

Пәтер алғандардың бірі Бауыр­жан Айсағалиевтың қуа­ны­­шын түсінуге болады. Білім са­ла­сында 22 жыл қызмет ат­қар­­ған ұстаз:

– Бұл күнге де жеттік, – деп марқаяды. – Пәтер тау­қы­м­е­тін тартқандар оның қан­ша­­лықты қиындығын біледі. Бү­гінде Үкіметке артық-ауыс сөз айтып, халықтың көңілін қобал­жы­татындар көбейіп барады. Ел пайдасы үшін ештеңе жасалмай отырғандай көреді. Өз басым дәл Қазақстандағыдай елге қамқорлықты көршілес мемлекеттерден байқай қой­май­­мын. Халықтың әлсіз топ­та­рына жеткілікті көңіл бөлі­ну­-
де­. Сондықтан мемлекет қам­қор­лы­ғы үшін Елбасымызға рахмет айтамыз.

Жаңадан пайдалануға беріл­ген пәтер кілттерін тап­сырған об­­­лыс әкімі Айсағалиевтар от­ба­­сы­ның дастарқанынан дәм тат­ты.

Сөз реті келгенде айта кетей­­ік, облыста 2017 жылы аума­ғы 625,789 мың шаршы метрді құ­рай­тын жалпы саны 7500-ге жу­ық пәтер берілген. Оның ішін­де 3 мыңнан астам пәтер «Бәй­терек» АҚ арқылы берілген арендалы тұрғын үйлер болса, 2285 пәтер жеке­мен­шік есебінен алынған тұр­ғын үйлер. Бұдан өзге, жас отбасыларға арналған және сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық, сондай-ақ несиелік тұрғын үйлер бойынша 2161 пәтер иелерін тапты.

Мемлекеттік бағдарламалар ұлыстың ұйытқысы атанған Оңтүстікке осындай шарапатын тигізіп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы