Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің хабарынша, азаматтық қорғаныс бөлімі мен облыс әкімдігі де бірлесіп қатты аяз салдарынан жолда қалған 25 жолаушыны мектепке орналастырды. Барлығы ыстық тамақпен және жататын орынмен қамтамасыз етілді. Жолаушыларға Өскеменге жету үшін пойызға билеттер сатып алып берді. Автобус жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылы орынға жеткізілді.
Облыстық ТЖД хабарынша, Ресейге жарысқа барған жергілікті «Ертіс» балалар хоккей командасы да жолда қалған. Қатты аязда автобус істен шыққан. Команда мүшелері Алтай өлкесіндегі Степное ауылында жатақханаға орналасады. Кеше 22-ші қаңтар күні біздің жергілікті хоккейші балалар да аман-есен өңірдің полиция қызметі мен төтенше жағдайлар басқармасының көмегімен үйлеріне оралды.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»