Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2018

Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатындары белгілі болды.

Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды

Қысқы Олимпиадада чемпион атанған спортшыға 250 мың доллар, күміс медаль иеленген спортшыға 150 мың доллар, ал қола медальға қол жеткізген спортшыға 75 мың доллары көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы облысының Талғар ауданындағы AIBA академиясында Олимпиадаға қатысушыларды шығарып салуға арналған арнайы баспасөз жиынында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Олимпиадада 4-орын алған спортшыға 30 мың доллар, 5-орынға 10 мың доллар, 6-орынға 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді.