Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018

Алматы облысында пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай тұр

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы Алматы облысының аумағында орын алған жол-көлік оқиғасының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда азайған. 

Алматы облысында пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай тұр

Облыс жолдарында 2016 жылы 2086 апатты жағдай тіркелсе, бұл көрсеткіш 2017 жылы 1934 оқиғаға дейін төмендеді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өткен мерзімдегі жұмыс қортындысы бойынша өткен жедел кеңесте айтылды. Жалпы, аймақтағы қылмыстық ахуал қалыпты жағдайда болғанымен, кейбір бағыттар бойынша алаңдауға негіз бар.

Мысалға, бір жыл ішінде пәтер тонау мен ұялы телефон ұрлау фактілері азаймай отыр. Есепті кезеңде үй тонау 7,1 пайызға, телефон ұрлау 5,8 пайызға көбейген. Қылмыспен күрес пен алдын алу жұмыстарына жетісулық тәртіп сақшылары жұмыла кірісіп, нәтижелі әрекет етуде. Ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру мақсатында Алматы облысы қаржыландыру үлесі артып, 2017 жылы мемлекет қоржынынан 11,9 млрд теңге бөлінген. 

Қалмаханбет Мұқаметқали,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы
 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024