Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Ел мерейтойына толымды тарту Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ағымдағы жылды Тәуелсіздік жылы деп жариялады. Сан ғасыр аңсаған тәуелсіздігіміз жайлы айтқанда ел экономикасының ерекше қарқынмен дамығаны ойға оралады. Әсіресе, болашаққа деген ауқымды істердің өрістетілгені көңіл қуантты. Осы орайда жер жәннаты Жетісудың құйқалы аймағы Райымбек ауданы аумағында салынып жатқан «Мойнақ» су электр стансасы шын мәнінде ғасыр құрылысы. Швейцария мен Қытайдан кейін жер астын ұңғылау әдісімен салынған үшінші су электр стансасы екенін әрдайым мақтан етеміз. Ол ел игілігіне айналар күн де жақын. «Мойнақ» су электр стансасының құрылысы 1985 жылы кеңестік кезеңде басталып, қаржы тапшылығына байланысты 1992 жылы тоқтатылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасына орай Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Оңтүстік өңірдегі қуат көзі тапшылығын түбегейлі шешуге арналған Үкімет қаулысымен 2006 жылдан бері «Мойнақ» құрылысына жан бітті. Бірден «Бестөбе» су қоймасын құрайтын бөгет құрылысы басталды. Бөгет қазылып, құм, топырақ, өзге де дүниелер төгіліп, техника күшімен тапталды. Қажырлы еңбек нәтижесінде ұзындығы 500 метр, биіктігі 100 метрлік бөгет толығымен бітті. Сонымен бірге бөгеттен бөлек жол, өзге де нысандар қолға алынды. Энергетиктер қаласы салына бастады. Енді оның да жұмысы толығымен аяқталады. Құрылыста істейтіндерге барлық жағдай жасалып, олар жоғары еңбекақы алады. Тәуелсіздік мерейі қарсаңында «Мойнақтың» шұғылалы сәулесі ел мен жерге түседі. Бұл үлкен жетістік әрі өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсартатынын айтуға болады. Құрылысқа Қазақстанның Даму банкі 25 миллион АҚШ долларын бөлді. Осылайша қаражат негізінен «Бестөбе» су қоймасы мен жол, электр желісін тартуға, тұрғын үй салуға жұмсалды. Кейіннен тағы да 132 миллион долларды Қазақстанның Даму банкінен алдық. Бұл жоғарыдағы жұмыстарға бағытталды. Кейін 200 млн. АҚШ долларын Қытай Даму банкі берді. Қаражат есебінен негізгі нысан құрылыстары басталды. Жұмысқа кәсіби тәжірибесі бар Қытайдың мамандары таңдалды. Олар жұмысты жалғастырып әкетті. Қазір бөлінген қаржының 90 пайызы игерілді. Құрылыстың жалпы құны 340 миллион доллар. Қазір құрылыста 1200-дей адам еңбек етуде. Соның 340-ы Қытайдан келген мамандар. Қалғандары өзіміздің отандастар. Құрылыс Райымбек ауданының аумағында жүргізілгендіктен көбіне аудан халқы жұмысқа тартылды. Әсіресе, Ұзынбұлақ, Жылысай елді мекендерінің тұрғындары жұмысқа алынып, өзіндік үлестерін қосуда. «Мойнақ» ГЭС-і пайдалануға берілгенде 127 маман жұмыспен қамтылмақшы. Қазір мұнда политехникалық, энергетикалық және ауыл шаруашылығы институттарын бітірген 28 жас маман Қытайда арнайы тәжірибеден өтіп қайтты. Жұмысқа алынатын мамандардың барлығы өзіміздің қыз-жігіттер. «Мойнақтың» шапағаты мен жақсылығын көрген осындай 300 азамат тұрмыстарын түзеді. Мамандар үшін 80 тұрғын үйден тұратын қалашық және Алланың үйі, балалар бақшасы энергетиктердің тынымсыз тірлігіне жағдай жасайтын болады. Жаңа үйге қоныстанғандардың қуанышында шек жоқ. Жалпы, «Мойнақты» салуға 200 мың текше метр бетон, 25 мың тонна арматура, 16 мың тонна құбыр, 5 мың тонна құрал-жабдық, 1 млн. текше метр тас жұмсалғаны есептелді. Құрал-жабдықтан өзгесі отандық құрылыс материалдары әрі сапасы жақсы. ГЭС-тің Ақтоған шатқалында туннель арқылы келген су осы жерде агрегаттарға келіп құйылады. Мұнда екі агрегаттың әрқайсысы 150 МВт.-тық. Оның бір бұрандасына дейін ұқыпты ұстап, күту керек. Себебі, ол шетелден әкелінген. Ауыстыру едәуір қиындық туғызады. «Мойнақ» су электр стансасының бас ғимараты Шарын өзенінің жағасында. Жер асты су жолы біткен 9 шақырым жерде салынып жатыр. Мұнда ауқымды құрылыс жүргізілуде. Осы жер асты су жолы арқылы қуат көзі өндірілетін, шығатын жердегі үлкен-үлкен екі қондырғы адуынды өзен суын айналдырады. Бас ғимараттың қауіпсіздігі, сапасы талапқа сай жасалды. Мұндағы тау беткейлері де адам еңбегімен бетондалып, көмкерілді. Ғимараттың астындағы айналып тұратын екі қондырғы арқылы қуат көзі өндіріліп, Шарын өзені арнасына қайта түседі. Жоспар бойынша Ақтоғайда балық өсіріліп, демалыс орындары жасалады. «Бестөбе» жасанды су қоймасының айналасында да осындай демалыс орындары болады деп күтілуде. Бұл да тәуелсіздік әкелген жақсылық, болашақтың игілігі. Әрине оған аз да болса үлес қосқанымызды мақтан етеміз. Бас мердігер Қытай су шаруашылығы компаниясы ерекше еңбек етуде. Қуаныштысы «Мойнақ» мемлекет пен Үкіметтің қолында. Ал, 49 пайызы қазақстандық акционерлер еншісінде. Шетелдіктерде акция жоқ. Жарық көзі «КЕГОК» акционерлік қоғамының желілері арқылы Шелек және Қапшағайдың жанындағы «Робот» қосымша стансаларына беріледі де әрі қарай оңтүстік өңірге таратылады. Жиырма жылда қол жеткізілген жетістіктер қатарында «Мойнақ» стансасы бар екенін зор мәртебе санаймыз. Әрі еліміз өміріндегі маңызды нысанда қолтаңба қалдыру біз үшін ерекше қуаныш екені анық. Отан үшін, ел үшін тер төгудің өзі бір бақыт қой. Оразалы ҚАНТАЕВ, «Мойнақ» су электр стансасының бас директоры. Дерек пен дәйек • Мойнақ – Швейцария мен Қытайдан кейін жер астын ұңғылау әдісімен салынған үшінші су электр стансасы болып табылады. • Мойнақ су электр стансасы еліміздің оңтүстік аймағының қуат көзі тапшылығын шешетін нысан. • Қуаты 300 МВт. болатын Мойнақ ГЭС-і көлемі және қуаттылығы жағынан еліміз тәуелсіздік алған жылдарда іске қосылатын алғашқы энергетикалық өндіріс. • Мойнақ ГЭС-інің ерекшелігі ол ТМД кеңістігіндегі жоғары қысымды үш гидростансаның бірі. Ондағы су қысымы 500 метрді құрайды. • Құрылыстың жалпы құны 340 миллион доллар. • Алғаш құрылысқа Қазақстанның Даму банкі 25 миллион АҚШ долларын бөліп, қаржы «Бестөбе» су қоймасы мен жол, электр желісін тартуға, тұрғын үй салуға жұмсалған. • Кейіннен тағы да 132 миллион доллар бөлген Қазақстанның Даму банкі қаржысы жоғарыдағы жұмыстарды өрістетуге бағытталыпты. • Қытай Даму банкі 200 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған. Қаражат есебінен негізгі нысан құрылыстары басталып, жұмысқа кәсіби тәжірибесі бар Қытай мамандары тартылған. • Қазір бөлінген қаржының 90 пайызы игерілген. • Құрылыста 1200-дей адам еңбек етуде. Оның 340-ы Қытайдан келген мамандар. Қалғандары өзіміздің отандастар. • Мамандар үшін 80 тұрғын үйден тұратын қалашық және Алланың үйі, балалар бақшасы салынды. • Мойнақты салуға 200 мың текше метр бетон, 25 мың тонна арматура, 16 мың тонна құбыр, 5 мың тонна құрал-жабдық, 1 млн. текше метр тас жұмсалған. • «Мойнақтың» 51 пайыз акциясы мемлекет пен Үкіметтің қолында. Ал, 49 пайызы қазақстандық акционерлер иелігінде. • Жарық көзі «КЕГОК» акционерлік қоғамының желілері арқылы Шелек және Қапшағай жанындағы «Робот» қосымша стансаларына беріліп, одан әрі оңтүстік өңірге таратылады. • Құрылыста 100 түрлі маркадағы автокөліктер мен 37 арнаулы техника және механикалық агрегат, генератор, трансформатор, компрессорлардың өзі 50-ден асады. • «Бестөбе» су қоймасының көлемі 238 млн. текше метр. • «Мойнақтың» кепілдік мерзімі 100 жылға есептелген. • Сейсмикалық жағынан 9 баллдық жер сілкінісіне төзімді. • Алып құрылыс іске қосылғанда өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көрсеткіші жыл сайын 6,7 млрд. теңгені құрайды деп жоспарланған. Бюджетке 1 млрд. 790 млн. теңге түсім түсетін болады. Тағдыр бізді осында тоғыстырды Тәуелсіз ел жастарының арманы да асқақ. Осыдан болар біздің жалындаған жастық жігеріміз ХХІ ғасырдың алып құрылысына жұмсалуда. Бұл біз үшін мәртебе десем де болар. «Мойнақ» ГЭС-інің құрылысы бүгінде баршаның назарында болғандықтан әр күнді еселі еңбекпен атап өтудеміз. Біз жастар әрдайым туған Отанымыздың өсіп-өркендеуіне қуанып, мақтаныш сезімде боламыз. Осындай елде өмір сүріп отырғанымызды бақыт санаймыз. Тәуелсіздігіміздің шапағаты бұрын тоқтап қалған «Мойнақ» су электр стансасына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қайта қолға алынған «ғасыр құрылысы» аталған «Мойнақ» біз секілді жастардың да болашағына жарқын жол ашты. Қайрат-жігерімізді жануға мүмкіндік туғызды. Алматы қаласындағы Энергетика және байланыс институтын инженер-электрик мамандығы бойынша 2009 жылы бітіргеннен кейін туған ауданымдағы «Мойнаққа» келдім. Уақытша тапсырылған жұмыстарды атқара жүріп өмірлік жарым Айзаданы жолықтырдым. Ол да Алматы энергетика және радиобайланыс колледжін бітірген жас маман. Бізді тағдыр осылай тоғыстырды. «Мойнақтағы» өзен арнасы бекітілген қыркүйек айында Айзада екеуміздің үйлену тойымыз болды. Көп ұзамай жас отау, әрі жас маман ретінде «Мойнақтағы» «Энергетиктер» қалашығынан төрт бөлмелі үй алдық. Сөйтіп, бір айдың ішінде қос қуанышқа кенелдік. Ең бастысы, оңтүстік өңірге жарық нұрын шашатын «Мойнақ» су электр стансасында жұмыс істейтінім көңілімді көтере түседі. Міне, алып құрылыс өмірімізді осылай жаңа арнаға түсірді. Біз осы ұжыммен өсіп, өркендейміз. Оған сеніміміз мол. Айбек МАРАТҰЛЫ, «Энергетиктер» қалашығындағы жас отау иесі. Қытайда тәжірибеден өтті Жетісудың өзен-көлден кенде еместігі атынан-ақ сезіліп тұр. Күнде көріп, тұнық суына шомылып, нәр алған өзендеріміз нағыз байлықтың көзі. Табиғаттың жомарттығы мен сыйын пайдалану мақсатында асау Шарын өзенінің суы байланды. Енді аз күндерде ұшар басын Алатау шыңынан алған Шарын өзенінен нұр шұғыла жан-жаққа тарайды. Осылайша баршаның үмітін жандырған «Мойнақ» су электр стансасы ел игілігіне айналатын болады. Алып құрылыстың Шарын өзенінен бастау алу себебіне тоқталайын. Ғалымдардың жан-жақты зерттеуі нәтижесінде ширек ғасыр бұрын осындай нақты тұжырым жасалыпты. Өйткені, Шарын – қысы-жазы ағынын жоғалтпай, екпіндей ағатын өзен. Демек, ГЭС салуға тиімді екені дәлелденген. Биіктен сарқырай құлаған судың мүмкіндігін пайдалану әрі бөгет салу күрделі іс екені айтпаса да түсінікті. Биіктігі 94 метр бөгеттің табаны су шайып кетпейтіндей бетондалып, тегістеліп, «алып қазандыққа» айналды. Құрылысты «Кернеу Лимитед» компаниясы жүзеге асырды. Шыңның құзар басына салынған бөгетке білікті мамандармен бірге аудан жастары да атсалысты. Олар кейінгі жас ұрпаққа «Құрылысты біз салғанбыз» деп мақтан ететіні анық. Осындай жастардың қатарында мен де бармын. Политехникалық, энергетикалық және ауыл шаруашылығы институттарын бітірген 28 жас маман Қытайда арнайы тәжірибеден өтіп қайтты. Күн сайын бөгеттің көз алдымызда толып, үлкен су қоймасына айналғанына куә болып жүрміз. Суды негізгі арнадан бұрып, арнайы туннельмен ағызу, деривациялау тәжірибесі елімізде тұңғыш рет жүзеге асырылды. Міндетіміз маман ретінде алып құрылыс іске қосылғаннан кейін өндірілген электр қуатының тұтынушыға нұр-сәуле сыйлауына маман ретінде үлес қосу. Мұндағы қолға алынған жұмыстар жаныма жақын. Және бұл алдағы өмірімнің бастамасы, еңбегімнің нәтижесін көретін сәт. Меруерт БАҒАЕВА, жас маман. Ұжым жылы қарсы алды Мектеп қабырғасында жүргенде энергетик мамандығы өзіне тартатын. Бұл тегін болмапты. Райымбек ауданындағы өзім туып-өскен Жылысай селолық округіндегі «Мойнақ» су электр стансасының құрылысы қайта қолға алынғанда қуанғанымды айтып жеткізе алмаймын. Сонда еңбек етуді армандаған жастардың бірі болдым. Алматы қаласындағы Аграрлық университеттің энергетика факультетіне түсіп, бітіргелі әр күнім стансаның тірлігімен бірге. «Мойнақ» ГЭС-інің басшылығы мені жылы қарсы алды. Кәсіби білімімді тәжірибеммен ұштастыруыма мүмкіндік туды. Тапсырған жұмыстарды тиянақты атқарып келемін. Бүгінде құрылыс аяқталып келеді. Өңір экономикасына өзіндік үлесін қосатын алып құрылыста өз қолтаңбаңның барлығы ерекше қуаныш екен. Соны сезіндім. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аталатын желтоқсан айының 11 жұлдызында «Мойнақ» су электр стансасының алғашқы кезеңі іске қосылады. Осыған орай жұмыс қызып тұр. Мен үшін «Мойнақ» менің өмірім, менің жарқын болашағым деп түсінемін. Осы құрылыста жастық жігерімнің бар екенін сезінген сайын ертеңгі күнге деген құштарлығым арта түседі. Айдар ТАУБАЛДИЕВ, энергетик. Айқара беттің материалдарын дайындаған «Егемен Қазақстанның» Алматы облысындағы меншікті тілшісі Күмісжан БАЙЖАН.Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілін қабылдады
Президент • Кеше
Сенатор: Бізде АЭС салуға объективті алғышарттар бар
Референдум 2024 • Кеше
Энергия өндіретін станциялар 70%-ға тозған - Айгүл Қапбарова
Референдум 2024 • Кеше
Түркістандықтар энергия тапшылығы алаңдататынын айтты
Референдум 2024 • Кеше
АЭС: Қоғамдық талқылаудың маңызы зор
Референдум 2024 • Кеше
Бибігүл Жексенбай астаналықтарды референдумға қатысуға шақырды
Референдум 2024 • Кеше
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру биыл басталады
Шаруашылық • Кеше
АЭС: Сенаторлар Орал қаласының тұрғындарымен кездесті
Референдум 2024 • Кеше
Подкаст - журналистиканың жаңа жанры ма
Қоғам • Кеше
Ертең «ҮРКЕР» - 2024 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталады
Қазақстан • Кеше
АЭС: Экологияға ауыртпалық азаяды
Референдум 2024 • Кеше
Астық қоймасында ірі өрт болды
Оқиға • Кеше
Сенатор: АЭС салынса жаңа жұмыс орындары ашылады
Референдум 2024 • Кеше
АЭС - индустриялық тұрақты экономикалық дамудың кепілі
Референдум 2024 • Кеше
Елімізде Әскери медицина академиясы құрылады
Оқиға • Кеше
Жедел жәрдем ІV санатты шақыртуларға қызмет көрсетуді тоқтата ма
Медицина • Кеше
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды
Референдум • Кеше
Бір тәулікте 13 үй отқа оранған
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында 320 киік мүйізі тәркіленді
Оқиға • Кеше
АЭС – электр энергиясына сұраныстың шешімін табуға мүмкіндік береді
Референдум • Кеше
Павлодарда 12 адам КСРО төлқұжатымен жүрген
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысында туристік қалашық салынады
Қазақстан • Кеше
Атом энергетикасы: ғылым мен инновация өрісі
Пікір • Кеше
Жаңа Салық кодексінде көптің тілегі ескеріледі
Салық • Кеше
Қоғам • Кеше
Тұтынушы мүддесіне сай бастамалар
Пікір • Кеше
Қарттарға қамқорлық – қоғам парызы
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Лувр музейімен ортақ жобалар басталады
Музей • Кеше