Мемлекет басшысының Өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Еркін Валитханұлы Тұқымов 1973 жылы 2 шілдеде туған, ұлты – қазақ.
1991-1997 жылдары – Варшава университетінің халықаралық қатынастар институтында (Польша Республикасы) оқыған. Халықаралық қатынастар магистрі (үздік диплом).
2015-2016 жылдары – Гарвард университетінде, Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде (АҚШ) оқыған. Мемлекеттік басқару магистрі.
Саяси ғылымдар кандидаты.
ҚР СІМ ІІ сыныптағы кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Поляк және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 1997 жылғы қазан айында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған.
2000 жылғы қарашадан 2005 жылғы қаңтарға дейін – осы бөлімнің меңгерушісі.
2005 жылғы қазаннан 2007 жылғы қазанға дейін – Демократияны дамытудың Орталық Азия қорының бас директоры.
2007 жылғы қарашадан 2008 жылғы мамырға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі.
2008 жылғы маусымнан 2008 жылғы қазанға дейін – ҚР СІМ Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, 2008 жылғы қазаннан 2010 жылғы қаңтарға дейін – осы департаменттің директоры.
2010 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Ерен Еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, ҚР СІМ мерекелік медалімен марапатталған.
Үйленген, қызы және ұлы бар.