Әлем • 28 Қаңтар, 2018

ҚР СІМ Кабулдағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады

26 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кабулдағы дипломатиялық ауданда орын алған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлімдемеде: «Қазақстан 28 қаңтарда Кабулдағы дипломатиялық орамда орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды.

Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жантүршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет, - делінген ҚР СІМ сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз» делінген.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар