Аймақтар • 28 Қаңтар, 2018

ОҚО спортшылары жыл басынан бері 265 медальге қол жеткізді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысынанел намысын қорғауғаүміткер болған 8 спортшының 5-еуі лицензияға қол жеткізді.

ОҚО спортшылары жыл басынан бері 265 медальге қол жеткізді

Атап айтсақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының 6-шы орын иегері, 2017 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпазы Жанбота Алдабергенова, спорт шеберлері Маржан Ақжігіт, Ақмаржан Қалмұрзаева, Ильдар Бадрутдинов және спорт шеберлігіне үміткер Аяна Жолдас ел намысын қорғайтын болады.Осылайша Сочи Олимпиадасына 3 спортшы жіберген Оңтүстік өңірі биыл жолдама санын көбейте түсті.Түрлі жарыстарда жүлде алған спортшылар саны да арта түсуде.

Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз жиынында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев оңтүстікқазақстандық спортшылардың жыл басынан бері Азия чемпионаттары мен кубоктарында 78 алтын, 53 күміс және 42 қола медаль жеңіп алғанын мәлдімдеді. Ал, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында спортшылар 34 алтын, 21 күміс және 37 қола медальге ие болды. Спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оңтүстік спортшылары 2016 жылы 1185 медальге ие болса,былтыр бұл көрсеткіш 1189-ға жеткен. Осындай көрсеткіштерімен оңтүстік өңірі республикада алда келеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»