Қазақстан • 30 Қаңтар, 2018

«Нұрлы жол». Бағдарлама барысы бақылауда болады

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының сумен жабдықтау, су тазарту жүйелерін жаңғырту, дамыту саласына қатысты 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. 

«Нұрлы жол». Бағдарлама барысы бақылауда болады

Шараға Инвестициялар және даму министрлігі Құ­рылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мар­хабат Жайымбетов, «ТКШ Қазор­талығы» АҚ басқарушы директоры Рус­­лан Кулов және Құ­ры­­лыс және тұрғын үй-ком­му­налдық ша­руашылық істері ко­ми­тетінің басқарма басшы­сы Әзімбек Нәлібаев қатысты.

Шара барысында М.Жа­йымбетов 2015-2018 жыл­­дар аралығында «Нұр­лы жол» мем­лекеттік бағдар­ла­масы ая­сында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазан­дық, 70 сорғы стан­сасы, кәріз жү­йесі мен су тазар­ту қон­дыр­ғы­лары және бас­қа да нысандар салынғанын айтты.

«Елбасының Жарлығымен 2015 жылғы 6 сәуірде бекі­тілген «Нұрлы жол» мем­ле­­кет­тік бағ­дарламасында жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаң­ғыртуға айтар­лықтай қаржы бөлінді. Мем­лекеттік бағдарлама бюд­жеттік несие беру және субсидиялау арқылы тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылығы инфра­құрылымын жаңғыртуды қарастырады. Бағдарламадағы инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесі бойынша 2020 жылға дейін келесі нәтижелерге қол жеткізу жос­парлануда. Олар жылу, сумен қамтамасыз ету, су тарту желілерінің тозуын 67%-дан 53%-ға дейін түсі­ру және тұтынушыларға көр­се­тілетін қызмет сапасын жақсарту, шекті тариф қағи­­даттарын қолдану және мақсатты инвестициялық транс­ферттерді бюджеттік не­сиелермен және жеке капи­тал­дармен алмастыру есе­бінен саланы коммерцияландыру процесін іске қосу, саланы бірыңғай тех­никалық стандарттарға көшіру», деді М.Жайымбетов.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы сө­зін қорытындылай келе, ми­нистрлік бағдарламаны іске асырудың барысына тұ­рақты бақылау жүргі­зеті­­нін, жергілікті атқарушы орган­дардың қаржыландыру жос­парында көрсетілген мер­зім­ді бұзуына жол бермеу бо­йынша уақтылы шаралар қа­былдайтынын атап өтті.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»