«Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 29 қаңтарындағы №198 шешім бойынша Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ басқарушы директор қызметін атқарған»,-деп жазылған хабарламада.
Әсет Тұрысов 1987 жылы 10 қарашада Мәскеуде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 2017 жылы «Халық шаруашылығы» университетін «Экономика баклавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ бастаған. 2011-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, 2014-2018 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ басқарушы директор қызметін атқарған.