Маңызды мәлімдемеде біз өмір сүріп жатқан бүгінгі жаңа технологиялық кезеңдегі елдің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа идеялар мен міндеттер нақтыланған. Сонымен қатар цифрлы технологияны дамыту мен мемлекеттің заманауи әлем және нақты әрекеттері арасындағы байланысты орнату қажеттілігі айқындалған. Оған қоса адами капиталды, білім беруді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі де қалыс қалмаған.
Жолдауда белгіленген, қоғамды әрі қарай экономикалық өсіру мен жетілдіру бойынша мемлекеттің алға қойған мақсаттары арасында өзара үйлесім тапқан міндеттердің жүзеге асырылатындығына бек сенімдімін.
Президенттің өз халқымен осыншалық тікелей және ашық диалогқа баруынан біз қазақстандықтардың неліктен өз Көшбасшыларын мақтан тұтатындығын аңғарғандаймыз.
Мен бұл елде экономиканы арттыру және халықтың жағдайын жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан барлық жұмыстар Қазақстан мен Бразилия арасындағы іскерлік байланыстарды да нығайтатындығына күмән келтірмеймін.
Қазақстан-Бразилия әріптестігінің одан әрі дамуына өз үлесімді қосуға бейілмін. Қазақстанның және оның Президентінің алға қойған міндеттерін жемісті жүзеге асыруына тілектестік білдіремін.
Томас Лико МАРТИНС,
«Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі,
Бразилия-америкалық «Optimal Capital Partners» компаниясының негізін қалаушы