Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018

Гүлшара Әбдіқалықова Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталатын Словакияның Қазақстандағы елшісі П.Юзамен кездесу өткізді.

Гүлшара Әбдіқалықова Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесті

Кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Биыл Қазақстан мен Словакия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай екі мемлекет арасындағы тұрақты әрі сапалы деңгейдегі саяси байланыстарға оң баға берілді.

Г.Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Словакия басшылығына ризашылық білдіріп, Словакияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы табысты қызметі үшін Словакия елшісіне алғыс айтты.