Білім • 01 Ақпан, 2018

Ауыл балаларына шәкіртақы табысталды

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауыл балаларына шәкіртақы табысталды

Алыстағы ауылдың үздік оқушылары арнайы шәкіртақы алады. Құрманғазы ауданындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектепте «Мүслимат ана»  атындағы шәкіртақы он жылдан бері табысталып келеді. Бүгінге дейін мектептің 224 оқушысына осындай шәкіртақы берілген. «Ол үшін балалар сабақты жақсы оқып, өнер-білімдерімен көзге түсулері керек. Бұл бір жағынан өскелең ұрпақты жақсылыққа ынталандыру, екінші жағынан Мүслимат ана сынды елге сыйлы, қадірлі жандарды үлгі ету», дейді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Өмірзақ Қажымғалиев. Ол  өмірден озған зайыбының құрметіне арнап осы шәкіртақыны жыл сайын талапты балаларға ұсынып жүр.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың жарқын жолы» тақырыбындағы ауқымды шараның бір бөлімі «Жақсылыққа жаралған жан» атты салтанатты кешке арналды. Адамдық пен парасаттың үлгісі болған Мүслимат ана сынды абзал жандар әр ауылда бар, соларды ұлықтап, жастарға үлгі етуіміз керек, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Шамбозов.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024