Өнер • 01 Ақпан, 2018

Астанада Байқоңыр туралы балалар сурет көрмесі ашылады

1247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең «Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуы Байқоңыр балаларының көзімен» атты балалар суреттері көрмесінің ашылуы өтеді.

Астанада Байқоңыр туралы балалар сурет көрмесі ашылады

Көрме - жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған ауқымды шара. Бұл бастаманы алғаш рет 2017 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының негізін салған Г.М. Шубников атындағы № 1 орта мектеп оқушылары бастаған болатын. Сонымен бірге бұл шараны Байқоңыр қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары да қолдап, нәтижесінде байқоңырлық оқушылар 5,5 мыңнан астам сурет дайындады.

Бір мезгілде екі құқықтық негізде қызмет ететін «Байқоңыр» кешенінің айрықша мәртебесін ескере келе, балалар өз шығармаларын Қазақстан және Ресей Президенттеріне жолдауға шешім қабылдады. Суреттерді Астана және Мәскеуге жіберу – бұл серікті ұшыру және орбитаға бағыттау нышанын білдіреді. Шығармалардың бір бөлігі Мәскеудегі Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында көрсетілмек.

ҚP Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа 200 сурет топтамасы жіберілді. Балалардың барлық шығармалары «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында Астана қаласындағы Елбасы кітапханасының Музейінде өткізілетін көркемсурет көрмесінде қалың жұртшылыққа ұсынылатын болады.