Назарбаев: Әшімбаевтың партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін

Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
01.02.2018 2104
2

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол бес жылдан астам Парламент Мәжілісінің депутаты болып, комитет басқарды. Мен оның партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы «Нұр Отан» партиясының алдында тұрған қазіргі міндеттерге ерекше назар аударды. «Нұр Отан» партиясы мемлекет саясатын айқындайтын маңызды саяси күшке айналды. Партия барлық бағдарламаларымызды іске асыруға атсалысып келеді», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы жүргізіліп, олардың іске асырылуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдеу қажеттігін айтты.

«Егер біз әлемдік дамудан қалып қоймаймыз десек, онда алға ұмтылуымыз қажет. Сол себепті биылғы Жолдау осы реформаларды орындауға бағытталған. Бұған дейінгі барлық бағдарламаларымыз осыған арналған болатын. Мәселе олардың қалай жұмыс істеуінде. Біз экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындар құруымыз қажет», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асырудың өзектілігін атап өтті. Соңында Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру ісіндегі партияның белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды.

«Облыстарда партия ұйымдарымыз бар. Олар белгіленген міндеттерді іске асыруда белсенді болуға тиіс», - деді Қазақстан Президенті.


 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» робототехника чемпионаты өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу