Аймақтар • 06 Ақпан, 2018

Балықшылар бәсекесі

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында балық аулау спорттық сайысының танымалдылығы артып келеді. Табиғат аясында ұйымдасты­рылатын осындай бәсекеге қатысушылар қатары да жыл санап көбейе түскен. Жиырма әуесқой балықшы қатысқан осындай жарыстың бірі жақында Бұланды ауданында өтті.  

Балықшылар бәсекесі

Осындай игі шараларды ұйымдастыру арқылы саламатты өмір салтын ұстануды және қоршаған ортаны қор­ғауды үйретуге болатынын кейбіреулер қаперге ала бер­мейді. Сондай-ақ аталған сайыстарды өткі­зу арқылы кәсіпқойлық және спорттық балық ұстау машық­тарын же­тілдіру мақсаты да алға қойылған. Бұланды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қараөзек ауылдық окру­гінде спорттық балық аулау­дан жарыс өткізуі де сон­дықтан.

Спорттық жарыс өткізу арқылы қатысушылардың таби­ғат берген ризықты өздері тау­ып жеуіне, шүйіркелесіп бір-бірімен пікір алмасуына мүм­кіндік береді. Көл бетінен қазылған ойықтар балық аулаумен қатар сол балықтарға ауадай қажет судың құрамын оттегімен құнарландыру үшін де жасалатындығын ерек­ше атаған жөн. Кәнігі балық­шылар жақсы ауланатын жер­лерді айтпай танитындығы қаперге алынып, олардың арасында жеребе тасталды. Әйтсе де оларға екі қармақпен аулауға, қанша ілмек ілсе де оған шектеу қойылмады. Әрбір қатысушының ба­лықты аулаудағы сан алуан тәсілдеріне де рұқсат етілді. Нәтижесінде Капитоновка ауылының командасы көп балық аулап, чемпион атанды. Ал Макинск қаласының балықшылары екінші тұғырдан көрінді. Жергілікті Қараөзек ауылдық округінің спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы