Техникалық реттеудің қолданыстағы инфрақұрылым жүйесі төрт негізгі бағыттан тұрады: техникалық реттеу және стандарттау; метрология; аккредиттеу және сәйкестікті бағалау; мемлекеттік бақылау.
Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, жүйені жетілдіру екі кезеңде жүзеге асырылады:
1. 2018 жылы «Стандарттау туралы» жаңа Заңды және метрология мен аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жандандыру және жетілдіру туралы заңнамаға енгізілетін басқа да өзгерістерді қабылдау және іске асыру бойынша шаралар қабылданады.
2. 2018–2020 жылдары сәйкестікті бағалау және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру.
Бүгінде стандарттау мәселелері бойынша бизнесте көптеген құжаттарды қағаз түрінде ұсыну проблемасы кездеседі, стандарттау үдерістеріне қатысудан бас тартады. Осыған байланысты «Стандарттау туралы» заң жобасы әзірленді, оның аясында автоматтандырылған жүйелер — Стандарттау жөніндегі ұлттық орган арқылы жұмыс істейтін, стандарттау процестерінің бірыңғай операторы анықталады. Жаңа тәсілдегі басты рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге — «мемлекет – бизнес – тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылайтын диалогтық алаңдарға беріледі.
«Заңның қабылдануымен стандарттарды бастамалық әзірлеу бойынша жағдайлар жасау, сондай-ақ Қазақстан аумағында шетелдік стандарттарды қолдануды жеңілдету тұрғысынан бизнес ахуал жақсартылады», — деді Жеңіс Қасымбек.
Инвестициялар және даму министрлігі метрология саласында да жұмыстар жүргізіп жатыр. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізу аккредиттеу жүйесін жетілдіруге және аталған сала субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Заңға енгізілген түзетулер эталондарды тексеру мен өзгерістер құралдарын калибрлеуге көшіруді және жаңа тәсілді мемлекеттік метрологиялық бақылауға енгізуді көздейді.
Сынақ жүргізу кезінде пайдалануға арналған, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) GLP (Good Laboratory Practice) тиісті зертханалық тәжірибе принциптері маңызға ие. Осылайша 2018–2019 жылдары бірлескен Жол картасы әзірленеді, оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша қазақстандық зертханаларды сынау нәтижелері ЭЫДҰ елдерінде танылады.
GLP әрекет ету ауқымы мына қызмет саласын қамтиды:
Дәрілік заттар мен тағамдық қоспалар тұрғысынан Денсаулық сақтау министрлігін;
Энергетика министрлігін — химиялық заттардың қоршаған ортаға әсерінің қауіпсіздігін бағалау тұрғысынан;
Ауыл шаруашылығы министрлігін — азық қоспалары, ветеринариялық препараттар және пестицидтер тұрғысынан;
Инвестициялар және даму министрлігі — өнеркәсіптік химикаттар және косметикалық өнімдер саласында.
Техникалық реттеу жүйесін жетілдірудің екінші кезеңі сертификаттау сынақтарының нәтижелеріне өзара сенімді төмендету және импорттаушылардың «тауарларды шартты түрде шығару» кедендік рəсімі арқылы сертификаттаудан өтуін болдырмау сияқты түйіткілді мəселелерді шешуге бағытталған. Бүгінде жұмыстар басталған.
Министрлік мемлекеттiк бақылау саласында қабылданған шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн саралауды ұсынады. Тиісті өзгерістер «Атамекен» ҰКП және мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, егжей-тегжейлі әзірленетін болады.
Техникалық реттеу жүйесін автоматтандыру және цифрландыру туралы айта отырып, Жеңіс Қасымбек қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссияға сәйкестік туралы декларациялар мен сертификаттар жөнінде мәлімет беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қорытындылай келе, министр «E-КТРМ» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Ол Қазақстандағы және ЕАЭО аясындағы барлық үдерістерді автоматтандырады және біріктіреді.
Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин түсініктеме беріп өтті.
Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминге жүктелді.