Қазақстан • 06 Ақпан, 2018

Астана әкімдігінде қала тіршілігінің маңызды мәселелері талқыланды

230 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтіп, онда қоғамдық қауіпсіздік, көше тазалығы және жылыту маусымының барысына қатысты мәселелер қарастырылды.

Астана әкімдігінде қала тіршілігінің маңызды мәселелері талқыланды

Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлердің мәселесіне қатысты Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун баяндама жасады.

«Кестеге сәйкес 8 нысан қарастырылды. Осы аптада алғашқы алдын ала тізімге енген соңғы 5 объектіні қарастыру жоспарланған. Бұл тізім бойынша мүлкі ТҮК-не өткізілмеген «АССМ-01» ЖШС мен «Жастар-4» қарастырылған жоқ. Аталған объектілер мүлкінің өткізілуіне қарай "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында қарастырылатын болады», – деді С. Хорошун.

Сондай-ақ, ол «Бахыт-11» ЖШС объектісі қаралып, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар жасалғанын айтты.

Оның айтуынша, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы ВАК отырыстарында қаралған объектілердің құжаттарын алдын ала саралау жұмыстарын жүргізуде.

Төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының ағымдағы жай-күйі және жылыту маусымының барысы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Айтуынша, өткен аптада төтенше жағдайлар тіркелген жоқ, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Жылу жүйелерінің температуралық режимі бекітілген режимдік картаға сәйкес ұйымдастырылған.

Дәрі-дәрмек тобы мен оның қоры туралы баяндаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала стационарлары дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар қорымен қамтамасыз етілгенін айтты. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жағдай бақылауда.

Астанадағы криминогендік жағдай және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар бойынша Астана қаласының Ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев есеп берді.

«Елордада жалпы оперативті жағдай тұрақты. Өткен аптада барлығы 603 қылмыс тіркелді. «Ізін суытпай» 69, бұрын жасалған – 37, өткен жылғы 47 қылмыс ашылды. Сот пен тергеуден қашып жүрген 6 қылмыскер ұсталып, із-түзсіз жоғалған 6 адам табылды. 33 адам УТИ-на қамауға алынды» – деп мәлімдеді М. Қожаев.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 18 қылмыс және 1412 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 1172 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде ұсақ бұзақылық – 126, тыныштықты бұзу – 102, 165 алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, 230 белгіленбеген орындарда темекі шегу, 504 абаттандыру ережелерін бұзу, 45 белгіленбеген орындарда сауда жасау.

Бір аптада 5 763 582 теңгені құрайтын 1911 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 446 127 теңгесі өндірілді.

Марат Қожаев 22 қаңтар – 18 ақпан аралығында қалада «Автобус» жедел алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жол жүру қауіпсіздігі саласында 7 млн 997 мың 827 теңге сомасына 2 063 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тоқтатылды.

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жаяу жүргіншілер өткелдерінің мәселелерін шешу және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қала әкімі тапсырмасының қалай орындалып жатқанын баяндады.

Астана әкімі Әсет Исекешев реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелдерінде бағдаршамдарды орнату жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.

«Магистральді көшелерде көлік ағымын тежемейтін, өткізуді қамтамасыз ететін ақылды бағдаршамдар қоюды тапсырамын. Сондай-ақ, ЖКО көп орын алған жаяу жүргіншілер өтпелерін жарықтандыру қажет», – деді елорда әкімі.

Қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов баяндады.

Қаланы абаттандыру сұрақтары бойынша «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» ауданының әкімдері баяндама жасады.