28 ақпан күні Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарына есеп беру үшін кездеседі. Кездесуде тұрғындар әкімге өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, жауабын ала алады.
«Есеп беру кездесуіне барлық тұрғын қатыса алмайтындықтан «Әкімге сұрақ қой» атты акцияны қолға алып отырмыз. Акция барысында қалаған жүйе бойынша сұрақ қойып, жауабын ала аласыз», делінген хабарламада.
Бүгіннен бастап қаланың әрбір тұрғыны өз сұрағын мынадай тәсілдермен қалдыра алады:
- Астана қаласы әкімдіктің сайты арқылы «Әкімге өтініш» айдарына;
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 109 номеріне қоңырау шалу және 109@astana.kz электронды поштаға хат жазу арқылы немесе Facebook, Telegram;
- Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы. Барлық сұрақтар Қалалық мониторинг жедел ден қою орталығы өңдеп жауап беру үшін тиісті мемлекеттік органдарға бағытталады. Акция 10 ақпанға дейін жалғасады.