23 Қараша, 2011

Отандық кен өндірісінің флагманы

904 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін
Жарты ғасырдан астам уақыттан бері жар­ты әлемді темір кенімен қамтамасыз етіп келе жатқан «Соколов-Сарыбай кен байыту өндіріс­тік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) әлемдегі ірі кеніш­тердің бірінен са­на­лады. Жарты әлемді темі­р кенімен қамтамасыз етті дегеніміз, сонау кеңес дәуірінде ССКӨБ-тің шикізаты Одақ­тың бар­лық дерлік металлургиялық комбинат­тарына азық болатын. Қазақстан Республи­ка­сы Тәуел­сі­з­дігінің 20 жылдығы ішінде бұл бірлестік ел эко­номикасына нәр беретін қуатты қайнарға айн­ал­ды. 2006 жылдан бері «ССКӨБ» АҚ ENRC холдингтік компаниясының маңызды өндірістік құрылымы болып табылады. Бүгінде ССКӨБ дәс­түрлі Ресей рыногымен бірге ҚХР-дің ры­но­гына да темір рудасы концентраты мен өнім­дерін экспорттауды жылдан-жылға арт­ты­рып келеді. Қостанай  өңірінің ірі өндірістік ошағы бо­лып табылатын бірлестік облыс ор­та­лы­ғын­дағы ЖЭО-ның қуатын арттыру, металлопрокат кешені­нің құрылысын салу, цемент зауыты және Қашар фабрикасының құ­ры­лысын салу сияқты ірі инвес­ти­циялық жо­ба­ларды ат­қа­рып, жергілікті бюджеттің толы­ғуы­на елеулі үлес қосуда. Қазіргі таңда ССКӨБ-та 18 мыңнан астам адам еңбек етеді. Алдағы уақытта өн­ді­рістік бірлестік темір кенін өндіретін әлемдік  компаниялардың алғаш­қы он­ды­ғына кіруді межелеп отыр.

ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІКТІҢ ӨРКЕНДІ ӨРІСІ

Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі өңірдің және ел эконо­микасының дамуына зор үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс кешені болып табылады. Қазақстан өз Тәуелсіз­ді­гі­нің 20 жылдығын барлық ба­ғыт­тар бойынша айтулы та­бы­­стармен қарсы алуға да­йын­далу үстінде. Бүгінде біз­дің республикамыз ха­лық­аралық қауымдастық­тың белді де тең құқықты мүшесі, жа­­һандық бәсекелестікке қа­бі­летті мемлекет. Саяси және экономикалық тұрақтылық, тиімді мемлекеттік басқару, ұлт­аралық келісім елімізді ме­­кендеп жатқан барлық ұлт пен ұлыстың тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеу, ин­но­ва­ция­ға ұмтылу, тұрғын­дар­дың игілігін қамтамасыз ету, ертеңге деген сенімді нығайту арқылы қазақстан­дық­тардың келесі ұрпағына мықты мүмкіндік­тер тудыру­да. Жеткен жетістіктерге тоқ­мейілсімей, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін әлемнің инновациялық эко­номика­сының қатарына ену туралы алды­мызға жаңа мақ­сат қойып отырғаны да белгілі. Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) ENRC тобының құра­мын­да жылдан жылға өндіріс қарқынын арт­тырып, жаңа заманауи технологиялар мен жабдықтарды батыл енгізу арқылы әлемдік темір кені рыногындағы өз тұғырын бекіте түсті. Бүгінгі таңда ССКӨБ әлемнің алдың­ғы қатарлы кен өндіруші кәсіпорын­дары­ның бірінен саналады. Кәсіпорында жалпы құны 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам индус­трия­лық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Айтулы жобалардың бірі ретінде кен база­сын кеңейтуді атауға болады. Бұл жоба біздің кәсіпорынның стратегиялық міндет­тері­нің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Оң­түстік-Сарыбай кенішінің құрылысы, Қор­жын­көл кенішін қайта құру, Сарыбай мен Соколов жер­ас­ты кенішінің өнімділігін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа кен орын­дарын­дағы өндіріс пен өнімділіктің ұл­ғаюын ескере отырып, бірнеше жылдан соң, біз бүгінгі көр­сеткіштерден әлдеқайда асып тү­семіз. Бірлестіктегі жұмыс кеншілердің келешек талай буын ұрпақтарына да жетеді. Екінші маңызды жоба ретінде қуат­ты­лығы жылына 7 млн. тонна жоғары сапалы кон­центратты байыту кешенінің құрылысын атап өтуге болады. 2014 жылы іске қосылуға тиіс бұл жоба құрамындағы темірдің үлесі 68,5 па­йыздан кем емес концентрат алуға мүмкіндік бермек. Концентраттың бір бөлігі металл өнім­дерін шығаруда қолданылатын болады. Осы мақсатта ССКӨБ-те қуатты­лы­ғы жылына 1,8 млн. тонна ыстықтай жентектелген темір өн­ді­ру зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұл өнімнің көптеген тиімді қа­сиеттері бар. Соның бірі – жеткізудің ло­гис­тикалық сызбасы. Осы­ның есебінен біз өз өнімімізді өткізу рыногы мен жеткізу ше­ка­ра­сын анағұрлым кеңейтіп, алыс-жақын шетелдерге жөнелте аламыз. Бұл кешен арқасында ССКӨБ жаңа даму сатысына көтерілетін бо­ла­ды. Бүгінгі таңда бірлестік шы­ғаратын өнімдерде темірдің үлесі 63 пайыз болса, бола­шақ­та бұл көрсеткіш 93-94 пайызға жетеді. Ең бастысы, бірлестік жетекшісі ретінде айтарым, жа­ңа жұмыс орындары ашылады. Келешекте бұл өндірісте екі мыңнан астам адам еңбек ететін болады. Тағы бір атап айтатын мәселе, бұл Қазақстанда тең­де­сі жоқ жоғары технологиялық кә­сіпорын бола­ды, мұнда кә­сі­би білікті мамандар ғана жұмыс атқармақ. Біздің облыс үшін бұл жобаның жүзеге асуы экономиканың едәуір өсуі мен аймақтың одан әрі дамуына алып келеді. Жоғары сапалы өндірістің кеңеюіне күй­діру машинасының құрылысы да мүмкіндік туғызады. Бұл жоба жүзеге асырылғанда «ССКӨБ» АҚ барлық тауарлы өнімінің кө­ле­мін едәуір ұлғайтып, жоғары сапалы өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді. Жаңа өндіріс кешендерін салу және қазіргі өндірісті қайта құру шаралары бойынша кең көлемді жұмыс­тар жүргізілуде. Бүгінде кәсіпорынның бар­лық бөлімшелерінде техникалық қайта жа­рақ­тандыру өте жоғары қарқынмен жүр­гі­зілу­де. Статистикалық деректерге жүгінер бол­сам, 1994 жылы ССКӨБ-тің өндіріс кө­лемі жылы­на 4 млн. тонна шамасында болса, ал биылғы жылдың алғашқы жартысында ғана бұл көр­сеткіш 21 млн. тоннадан асып түсті. Осыдан бір жыл бұрын ССКӨБ базасын­да металл илектеу зауыты пайдалануға берілді. Кә­­сіпорын жаңа биіктерді бағындырып, тау-кен өндіруші дәрежесінен металлур­гия­лық жа­ңа сатыға көтерілді. Өнімділігі жы­лы­на 75 мың тонна болатын зауыт ENRC кә­сіп­орындары мен бірлестікті металилектің қа­жет­ті түрлері­мен то­лық қамтамасыз етіп отыр. Бұл оқиға тек біздің қала үшін ғана емес, Қостанай аймағы үшін де өте маңызды орын алады. Қазір Со­ко­лов-Са­ры­бай кен ба­йы­ту өндірістік бірлестігі ENRC ком­па­ния­сының күрделі шығын­дар бағ­дар­лама­сы­на енгізілген басқа да сүбелі жоба­лар­ды жүзеге асыруды жүргізіп жатыр. Олар­дың мақсаты – жаңа өнімнің шығуын қамта­ма­сыз ету және өткізу рыногын кеңейту болып табылады. Біздің кәсіпорын Қостанай өңірі экономи­ка­сының мықты іргетасы болуымен бірге, тәуел­сіз еліміздің дамуына сүбелі үлес қоса беретін болады. Біздің «Нұр Отан» партия­сы­ның ең ірі ұйымдарының бірі ретіндегі басты мақсатымыз – кәсіпорындағы еңбек адам­дары­ның бойында қуаныш, өз болашағына деген сенім мен тұрақ­тылық және өркендеу сезімін қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеп берген қазақ­стан­дық даму жолының базалық құндылық­тары да осыған бағытталған. Мұхамеджан ТУРДАХУНОВ, «ССКӨБ» АҚ президенті.

* * *

МАҢЫЗДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР

Сарыбай кен басқар­масы. Құрамына Соколов- Сарыбай және Оңтүстік Сарыбай карьерлері кіреді. Ашық жұмыстар қа­зір­гі заманға сай қуатты экс­ка­ваторлармен және бұр­ғы­лау қондырғы­лары­мен жүр­гізіледі.   Қашар кен бас­қар­масы. Өндіру жұмыс­та­ры ТМД елдеріндегі жал­ғыз «HITACHI» мар­калы экс­ка­ваторлармен жә­не «Ca­terpillar» фир­ма­сының тиегішімен жүр­гізіледі.   Қоржынкөл кен бас­қар­масы. Карьерде ірі-кесекті магнитті кен аршу телімі жұмыс істейді. ТМД елдерінде мұндай кұ­рыл­ғы тек төртеу ғана.    «Соколов» шахта­сы. Кен­ді ең төменгі деңгей жиек­­терден, минус 330 метр­­ді қоса алғанда, өндіреді.   Кен дайындау жә­не кесектеу басқармасы. Бірлестіктің барлық карьерлерінен келетін шикі кен­ді қайта өңдеп, тауар­лық темір кенін, концентрат пен шекемтастар шығарады. Кен темір жол кө­­лі­­гі басқармасы. Кен мас­са­сын тасымалдау электр­­лен­ген темір жол көлік­терімен жүргізіледі.  Автомобиль көлігі бас­қармасы. Жылу электр ор­та­лығы. ЖЭО қуаты 267 МВт. құрайды, бұл ком­би­натты электр энергия­сы­мен 80-90 пайызға қам­та­масыз етуге мүмкіндік береді. Жөндеу-механика­лық зауыты. 2010 жыл­дың маусым айында мұнда металл илектеу кешені іске қосылды. Ол ССКӨБ  ұсат­қыш денелер және құрылыс ар­ма­тураларына деген мұқ­таждығын то­лы­ғымен қам­тамасыз етеді.

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҰЖЫМ МҮДДЕСІ ҮШІН

Қазақстанның кен өнеркәсі­бінің флагманы – Соколов-Сарыбай кен байы­ту өндірістік бірлестігінің та­рихымен біте қайнасып, қоян-қолтық жұмыс жасап келе жатқан кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жарқын істері көпке үлгі. Комбинат құрылы­сы алғаш басталған кезде дүниеге келген кәсіподақ ұйымы онымен бірге талай-талай асулардан өтіп, буыны бекіп, қатайып, үздіксіз дамып өсіп-өніп келеді. Осы уақыт аралығында біз өзі­міз­ді еңбек адамының мүддесін ла­йық­ты қорғай алатын білікті ұйым, іске қабілетті құрылым ретінде та­ны­та білдік. «ССКӨБ» АҚ басшылығы мен кәсіп­одақ ұйымы бірлесе отырып, жұ­мыс­­шы­ларға тиісті еңбек жағдайын жасау­ды, лайықты өмір деңгейі бо­йын­ша әлеуметтік-еңбек құқын қамта­ма­сыз етуді, демалысын ұйымдас­тыру­ды, ем­деу-сауықтыру шараларын өт­кізу­ді, спортпен айналысуын, ардагер­лер­дің, отбасылардың, жас отбасылар мәселе­лерін ойдағыдай шешуді жүйелі қам­та­масыз етіп келеді. Кәсіпорында ұжымдық келісім-шарт жұмыс істейді. Біздің ұжымдық келісім-шарт еліміздегі ең үздік­тер­дің бірі деп саналады. Келісім-шарт ұжым қызметінің барлық салаларын қам­тиды. Жыл санап әлеуметтік пакет өсіп келеді. Қызметкерлерге білімдерін шың­­дау­ға, емдеу-сауықтыру орталығында де­малу, тегін дәрігерлік қызмет, бір жасқа дейінгі балаға жәрдемақы алуға және тағы да басқа әлеуметтік қол­дау­лар көрсетіледі. Біз кәсіподақтың қор­ғау функциясын кәсіпорынның өркен­деуі­мен тығыз байланыстыра отырып, кен­шілердің әл-ауқатын көтеруге ты­ры­са­мыз. Өйткені, бұларды бір-бірі­нен бөліп қарауға болмайды. Қызметкерлер үшін «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығы, кадрларды оқы­тып, дайындау орталығы, «Горняк» мә­де­­ни ойын-сауық орталығы, «Горняк» жас­тардың спорттық кешені, стадион қызмет жасайды. Кәсіпорынның ардагерлері мен зейнеткерлері де біздің назардан тыс қалып көрген жоқ. Оларға арналып еңбек ұжымдарында кездесулер, жаңа өндіріс орындарына саяхат ұйымдастырылады, материалдық көмек көрсетіледі. Ұжым сенімі – бұл ертеңгі күнге деген ерекше сенімділік, тұрақты жұмыс, алға басу, экономикалық және өндірістік мәселелерді түсіне білу, алдына қойған мақсаттарды орындау. Татьяна ШЕРСТОБИТОВА, «ССКӨБ» АҚ кәсіподақ ұйымының төрайымы.

ЖАРТЫ ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР

Темір кенін өндіру – 21,332 млн. тонна. Темір кенінің алғашқы концентратын өндіру  – 8,783 млн. тонна.   Темір кенінің  тауарлық концентратын өндіру – 3,680 млн. тонна. Темір кенді тауарлық шекемтас өндіру – 4,326 млн. тонна. Индустриялық-инновациялық бағдарламалар: Кен базасын  кеңейту. Жоба құны – 825 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2015 жыл. Өнімділігі жылына 7 млн. тонна жоғары сапалы концентрат байыту кешенінің құрылысы. Жобаның құны – 455 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2014 жыл. Өнімділігі жылына 5 млн. тонна күйдіру машинасы мен қуат­­тылығы  жылына  1,8 млн. тонна металданған өнім өнді­ретін зауыт құрылысы. Жоба құны – 1 230 млн. АҚШ доллары, аяқталу мерзімі – 2014 жыл. Экологиялық бағдарлама мен еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі Кәсіпорында құрамына төмендегілер кіретін менедж­мент­­тің біріктірілген жүйесі істейді: ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001 қоршаған орта менеджменті жүйесі, OHSAS 18001 денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі, SA 8000 әлеуметтік жауапкершілік менеджменті жүйесі. Халықаралық «Du Pont» компаниясымен бірге еңбек қауіп­сіздігін жақсарту жөніндегі «Луч» жобасын енгізу жүргізілуде.  Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына жұмсалған шығын 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,7 млрд.теңгені (18,7 млн. АҚШ   доллары)  құрады. Еңбек қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі «Луч» жобасын енгізу жүргізілуде. Осы жоба шеңберінде 2011 жылдың бірінші жар­ты­жылдығында   15,25 млн. теңге (104,5 мың АҚШ доллары) игерілді. ССКӨБ-те менеджменттің біріктірілген жүйесі енгізілді, оның құрамына ISО 9001сапа менеджментінің жүйесі мен ISО 14001  қоршаған ортаны қорғау жүйесінің менеджменті, OHSAS 18001 денсаулықты  және еңбек қауіпсіздігін қорғау менеджмен­ті­нің   жүйесі   кіреді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Қызметшілерге арналған әлеуметтік бағдарлама: сыйақылар, материалдық көмектер; негізгі мамандық жұмыскерлеріне арнайы ақысыз тамақ; көп балалы және мүгедек балалары бар отбасыларына көмек; жас мамандарды қолдау; зейнеткерлерді қолдау. Ардагерлер ұйымдары жұмыс істейді. компания есебінен қызметкерлер балаларына жоғары білім алуға  мүмкіндіктер бар. Компанияның қаржылық қамтамасыз етуімен қызметкер­лер үшін келесі  мекемелер жұмыс істейді: «Горняк» мәдени-көңіл көтеру орталығы; «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығы; «Горняк» жастар-спорт кешені; туристік демалыс базалары. Қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері үшін компания мынадай ірі іс-шаралар ұйымдастырады: туристік слеттер, балалардың жаңа жылдық ертеңгіліктері, КВН фестивальдары, жазғы және қысқы спартакиадалар.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

1954 ж. 30 маусым – КСРО Ми­нистрлер Кеңесі ССКӨБ құры­лы­сының басталуы туралы қаулы шығарды. 1955 ж. қаңтар – Соколов кенішінде кен өндіру жұмыстары бас­тал­ды. 1956 ж. қарашаСарыбай кенішінде кен өндіру жұмыстары басталды. 1957 ж. тамыз – Челябі металлургтарына тауар кенінің алғашқы эшелоны жіберілді. 1966 ж. шілде – шекемтас­тардың миллионыншы тоннасы шығарылды. 1967 ж. шілде – шикі кеннің 100 миллион  тоннасы өндірілді. 1974 ж. қазан – темір кені концентратының 100 миллион тоннасы шығарылды. 1975 ж. маусым – Соколов жер асты кеніші пайдалануға берілді. 1983 ж. ақпан – Қоржынкөл кенішінің алғашқы кезегі пайда­лану­ға берілді. 1985 ж. шілде – Сарыбай кені­шінің терең деңгей жиектерін ар­шуға арналған темір жол тоннел­дерінің алғашқы кезегі пайдалануға берілді. 2007 ж. мамыр – Оңтүстік Сарыбай кенішін игеру жұмыс­тары басталды; 2009 ж. қыркүйек – алтыншы энергетикалық блокты салуға бай­ланысты ЖЭО қуаты  267 МВт.-ға дейін өсті. 2010 ж. 23 маусым –  металл илектеу зауыты іске қосылды. ________________________ Дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.