Әдебиет • 13 Ақпан, 2018

Оқырманға ашық хат

1139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенің бар болғаның үшін рахмет! Сенің жоқ­тығыңа да төзіп бағар­мын. Мені жалғыз қал­дырғың келіп еді, қолың­нан келмеді. Себебі біз екі жанға салынған бір жанбыз ғой.

Оқырманға ашық хат

Гиви СИХАРУЛИДЗЕ, грузин жазушысы

Сен менен айырылу үшін себеп іздедің. Өйткені оған шын себеп жоқ болатын. Жо­ғалтып алуым мүмкін бол­ған­дықтан, мен сені жоғалтқым келмейді. Сен менің үлкен махаббатыма селт етпедің. Бірақ мен сені сүйгенім үшін-ақ бақыттымын. Мені тағдыр тәлкегіне тас­тап кеткенің үшін бақытсыз болғаныңды қала­маймын. Мен лайықты адамды сүйдім. Өзіңнің лайық­сыз қылықтарың өзіңді мазалап толғандырсын. Сен – тығырықтан шығар жолсың. Сен менің өмірімнің жарқын күндерін алып қойдың, бірақ менен өзіңді тартып ала алмадың. Мен сені өз жүре­гімнің терең түбіне жасырдым, сол жерден бүкіл жан-тәніме жайып тараттым.

Сені өмір бойы іздеп, таптым. Қазір сенсіз де күн кеше аламын, бірақ өмір сүре алмаймын. Сенімен бірге жаурадым, бірақ маған жылы болды. Күн сенсіз де жарқырайды, бірақ жылытпайды. Біліп қой, мен сені ешқашан сағынбаймын, өйткені сені ешқашан ұмыт­паймын.

Қазақ тіліне аударып дайындаған

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»