Алдағы өтетін хакатон Astana Innovations Challenge 2018 жобасы алдын ала жоспарланбаған іс-шара болып отыр. Сондықтан шара ұйымдастырушылары конкурс жеңімпаздарына бірқатар қызықты шешімдер мен тосынсыйлар әзірлеуде.
Спикерлердің сөзінше бұл хакатонның ерекшелігі – мемлекеттік шенеуніктер, қоғам қайраткерлері, журналистер, инвесторлар мен сарапшылар «Шынайы диалог және түйткілдерді жекелей шешуге» қатысу мақсатында кездеседі.
«Атап айтқанда, талқылау әзірлеушілер үшін қызықты болмақ, олар жетекші сарапшылар мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан бүгінде қандай әзірлемелер сұранысқа ие екенін және оларды іске асыруда қалай инвестиция тарту керектігін біле алады. Хакатонның қорытындысы бойынша 3 үздік стартап-жоба іріктеліп, Microsoft Kazakhstan мен Here Technologies компаниялары ұсынған 1 000 000 теңге мөлшеріндегі жүлде қорын өзара бөліседі», деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»