Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Жаңа жоба іске қосылады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы әкімдігінің 24-25 ақпанда «Ашық мәліметтер» тақырыбында стартап-жобалар байқауын өткізуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. 

Жаңа жоба іске қосылады

Алдағы өтетін хакатон Astana Innovations Challenge 2018 жобасы алдын ала жоспарланбаған іс-ша­ра болып отыр. Сондықтан шара ұйым­дас­тырушылары конкурс жеңімпаз­дарына бірқатар қызықты шешімдер мен тосынсыйлар әзірлеуде.

Спикерлердің сөзінше бұл хака­тон­ның ерекшелігі – мемлекеттік шенеу­ніктер, қоғам қайраткерлері, журна­листер, инвесторлар мен сарап­шылар «Шынайы диалог және түйт­кілдерді жекелей шешуге» қатысу мақсатында кездеседі.

«Атап айтқанда, талқылау әзір­леу­шілер үшін қызықты болмақ, олар жетекші сарапшылар мен мем­ле­кет­тік органдардың бірінші басшылары­нан бүгінде қандай әзірлемелер сұра­нысқа ие екенін және оларды іске асы­руда қалай инвестиция тарту керек­тігін біле алады. Хакатонның қоры­­тын­дысы бойынша 3 үздік стар­тап-жоба іріктеліп, Microsoft Kazak­hstan мен Here Technologies ком­паниялары ұсынған 1 000 000 тең­ге мөлшеріндегі жүлде қорын өза­ра бөліседі», деді  «Астана Innova­tions» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

 

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»