Бизнес • 15 Ақпан, 2018

Агроөнеркәсіптік кешен:  Дағдылы қалыптан инновациялық қалыпқа өту

673 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Еліміздің агроөнеркәсіптік кеше­нін дамыту траекториясы АӨК-ті дамы­тудың 2017-2021 жыл­дарға арнал­ған мем­лекеттік бағдар­лама­сында нақты көрсетілген. Цифрлы технологиялар ал­дында қабылданған жоспарларға серпін мен жаңа мүм­кін­діктер бере оты­рып, бұрын өте консервативті бо­лып көрінетін салаға да заманауи динамика енгізеді. Еліміздің Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев жақын­да Қазақстан халқына арнаған Жол­дауында ел алдына қойылған мәселе­лер туралы айтқанда АӨК-ке қатысты «серпіліс» динамикалық терминін қолданғаны кездейсоқ емес.

Агроөнеркәсіптік кешен:  Дағдылы қалыптан инновациялық қалыпқа өту

Елбасы сандық қана емес, сондай-ақ сапалы өзгерістерді де меңзеп, «ақыл­ды технологиялар» – бұл АӨК-ті дамытуда серпіліс жасау үшін мүм­кіндік» деп санайды. «Шикізатты қай­та өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік на­рықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәсе­лені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды», деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұл ауылшаруашылық өндірісінің әрбір сегментінде бүкіл жұмыс кезеңі бойы аграрлық ғылымды дамытуды, жаңа тех­нологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бе­йім­деуді, «ақылды технологиялар» ар­қылы өнімділікті бірнеше есе арттыруды білдіретін кешенді мәселе.

«Ақылды технологиялар» – аясы тар мақсат емес, практикада сауатты, шебер қолдануға болатын тиімді құрал. Нәтижесінде АӨК еңбек өнім­ділігін және қайта өңделген ауыл­шаруа­шылық өнімінің экспортын бес жыл ішінде кем дегенде 2,5 есеге арттыру үшін аграршыларға мүмкіндік беруге тиіс. Яғни Жолдауда қойылған мақсаттарға жетуге жол ашылады.

Атадан балаға қалдырылып отыр­ған жер-анаға деген махаббат «цифр­лық рухты» сіңірген, сондықтан да «ақылды технологияларға» қазір­гі ша­руа­шылықтың шамасы же­те ме? Толық сеніммен – «иә» деп ай­­та аламын! Астанада өткен ЭКСПО кө­рмесі бізге болашақ – бұл шы­на­йылық екенін көрсетті. ЭКСПО ая­сында Ұлттық инженерлік акаде­мия­­ның ұйымдастыруымен өткен, өзім қатысқан инженерлер мен ғалым­дардың Дүниежүзілік конгресін ерекше атап өткім келеді. Конгреске Нобель сыйлығының лауреаттары, «Жаһандық энергия» халықаралық сыйлығының 18 лауреаты, энергетика, қоршаған ортаны қорғау министрлері, энергетика саласындағы 2000-нан ас­там ғалым, сарапшы қатысты. Мен, аграрлық ғылыммен айналысатын маман ретінде, осы саланың ғалым­дарының ой-пікірлеріне қызығушылық таныттым. Әлемде қандай үрдістер бар? Біз қайда бет алып келеміз? 1000-нан астам баяндама тыңдалды. Аграрлық ғылым саласында Бразилия штатының министрі Жоао Карлос де Соуза Мейреллестің, Нобель сый­­лы­ғының лауреаты Риккардо Ва­лен­тинидің, Таврия мемлекеттік агро­тех­нологиялық университетінің, Киев политехникалық институтының бір­­қатар ғалымдардың және бас­қа­ларының баяндамалары тыңдалды. Нобель сыйлығының лауреаты бү­гін­гі таңда бүкіл әлемде тек аграр­лық өнімдер секторы тұщы суды пайда­ланудың жалпы көлемінің шамамен 80%-ын, энергияға жалпы сұраныстың 30%-ын және парниктік газдардың техногендік шығарындыларының 24%-ын құрайтынын атап өтті. Болашақта жаһандық азық-түлік өндіру 70%-ға артады, сектор ресурстардың тең­дес­сіз қысымына және климаттық жүйе­лердің күшті ауытқуына тап болады деп күтілуде. Жаһандық аграрлық азық-түлік жүйелері, олардың болашақ ұрпаққа қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы ойланатын кез келді.

Мемлекет басшысының идеясы – экономиканы цифрландыруға көшу және пәнаралық инновациялық орта­лықтар құру біздің болашақтың негізгі компоненті болып табылады. Қазақстанда аграрлық саладағы ғылым және бизнес үшін жаңа стратегиялық модель іске қосылады. Ал ғылым мен бизнесті жақындастыру үшін жаңа технологияларды коммерцияландыру кеңселері қажет. Инженерлік академияда осындай коммерцияландыру кеңсесі Инженерлік-технологиялық университеттің базасында әлдеқашан құрылған. Дәл осы кеңсе нарықтық және тұтынушылық сұранысқа бағыт­талған кабинеттік зерттеулерден қол­дан­балы зерттеулерге көшу үшін берік көпір құратын болады.

Біз цифрландырудың басқаруға көмектескенін, экономика және энергетика экологиялыққа айналғанын, ал жел мен күн шаруаның үйреншікті серік­теріне оның көмекшілеріне ай­нал­ғанын көріп отырмыз. Шаруаның жаңартуға дайындығы туралы сұраққа өткен жылдың қорытындысы жауап бере алады. Ауылшаруашылық саласы бірте-бірте жаңа технологияларды игеруде. Өте маңызды жайт, менеджмент, кадр саясаты, сондай-ақ технологиялық жарақтандыру, егіншілік жағынан сапалы өзгеруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикамызда ауылшаруашылық жалпы өнімі шамамен 3%-ға өсіп, көлемі бойынша 4 трлн теңгеден ас­қа­нын естеріңізге сала кетейін. Өсу өсім­дік шаруашылығында және мал шаруашылығында байқалды.

Біздің компанияның практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, оның одан әрі өсу әлеуетін көріп отырмын, өйт­кені қазірдің өзінде бизнестің кезек­ті технологиялық баспалдағына өрлеуі нәтижелілікті арттыратынын білемін. 2014 жылы Мемлекет басшысы біздің көп салалы агрохолдингке келгенде оның жетістіктерін де атап өтіп, «Байсерке-Агро» ЖШС-сын Қазақ­станда ауылшаруашылық секторларын дамытуға бағыт-бағдар береді деп атағанын еске түсіре отырып, мынадай параллельдерді жүргізіп көрейін. Біз осындай жоғары бағаны мақтан етеміз. Бірақ одан да маңыздысы, ол Мем­лекет басшысының Жолдауында айтылған инновациялық технология­ларды қолдану, басқаруды жетіл­діру бағы­тындағы біздің интуитивті қозғалысымыз болып табылады.

Президент өз назарын агробиз­нес­тің ғылыми құрамына аудар­ған. Бір­неше жыл бұрын, ата-баба­мыз­дан келе жатқан әдістермен үйреншікті қалып­тан шыға алмайтынымызды түсінген серіктестік агроөнеркәсіптік секторды қолдау үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ветеринария ҒЗИ-мен бірге құрылған Қазагроинновация мем­ле­кеттік мекемесімен ынтымақ­тас­тық туралы келісімге қол қойды. Биылғы жылы Ұлттық инженерлік ака­демиямен келісімге келді. Біз­дің ғылыми әріптестеріміздің арқа­сын­да өсімдіктерді қорғау, мал шаруа­шы­лы­ғының өнімділігін сақтау және арт­тыру мәселелері жөнінде жаңа ин­но­вациялық әдістер мен технологияларға, заманауи зерттеулерге қол жеткіздік.

Ғалымдардың ұсыныстарына сүйе­ніп, бүкіл техника және құры­лым­дар паркін жаңғырттық, еңбекақы төлеу жүйесін, мотивация және ма­ман­дарды оқытуды ұйымдастыру бо­йын­ша жұмысты жақсарттық. Яғни өндірістік циклдың бірде-бір бөл­­шегін назарымыздан тыс қал­дыр­­май кешенді қарастырдық. Бұл бізге ауыл­шаруашылық дақылдарын өңдеу, қайта өңдеуді қазіргі талапқа сай жа­ңарту, ауылшаруашылық өнді­рісінің және оның нәтижелілігін арт­тыру про­цес­терін жақсартуға айтар­лықтай сеп­тігін тигізді.

 Кемінде екі жылдың ішінде қол жеткен нәтижелердің арқасында біздің холдинг Алматы облысының үздік ауылшаруашылық құралымына айналды, 2015 жылы шағын және орта ауылшаруашылық кәсіпорындарының ішінен Қазақстанның үздік компаниясы ретінде «Алтын Сапа» сыйлығына ие болды. Бірақ біз өзімізді дамытуды тоқтатқан емеспіз, сондықтан бүгінгі таңда үздіксіз білім, мамандықты ж­е­тіл­діру тақырыптары компанияның барлық қызметкерлері үшін әдеттегі ахуалға айналды. Бізге оқыту семинарлары мен шеберлік-сабақтар ғана емес, кәсіби өсу әрбір қызметкер үшін басты ынталандырушы факторға айналғаны маңызды. Өзіміздің «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығын құр­дық, оның негізгі мақсаты – АӨК бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимыл инновациялық моде­лін қалыптастыру. Онда магистр-ғалымдар, PhD докторлар, профессор, академиктер жұмыс атқарады.

Біз паркті жаңартып, әлемнің үздік инновациялық технологияларын тарттық. Теңгерімінде 10 000 га егістік жер бар, оның 550 гектарында жерасты тамшылатып суару жү­йесі қолданылады. Бұл жүгері, соя, жоңышқа, бидай, арпа және басқа да дақылдарды өсіру кезінде егін шаруашылығының көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді.

Отандық ғылыммен және шетел­дік ғалымдармен ынтымақтастықтың арқа­сында «Байсерке-Агро» агрохол­дингі қазірдің өзінде әлемдік деңгей­де батыл бәсекелесуге болатын көрсет­кіш­терге қол жеткізгенін мақтан тұта­мыз. Заманауи қайта өңдеуші кәсіп­орны бар агрохолдинг жоғары сапалы сүт және сүт өнімдерін – айран, йогурт, қаймақ, сүзбе, ірімшіктің бірнеше түрін шығарды. Зауыттың қуаты – жылына 3 000 тонна өнім.

Өсірілген элиталы тұқымды мал­дың етінен холдинг өз ет комбинатында ысталған және жартылай ысталған шұжықтарды, шұжық және өзге де еттен жасалған жартылай фабрикаттарды өндіреді. Оның өнімділігі – жылына 1 250 мың тонна ет.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған еліміз нақты экономика­дағы біздің сектордың инвестиция­лық тар­тым­дылығын көтеруге табанды түрде жұмыс істейді. Бұл жерде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың іскерлік бел­сен­­ділігін жоғарылату үшін жаңа қадамғ­а айналған, Н.Ә.Назарбаев атап айт­қандай, стратегиялық сипат­қа ие Мемлекет басшысының Аме­рика Құрама Штаттарына жасаған сапары­ның маңызы зор.

АҚШ пен Қазақстан ауыл шаруа­шылығы саласында қарым-қатынас­тарды дамытудың маңыздылығын мойындайды және осы саладағы ынты­мақтастықты кеңейтуді жалғасты­рады. Сапар қорытындылары бойынша елеулі инвестициялар және заманауи технологияларды, оның ішінде ауыл шаруашылығын трансферт­теуді елімізге тартудың жаңа мүм­кін­діктерін ашатын Қазақстан мен АҚШ арасындағы көптеген жаңа келісім­шарттар жасалды.

Біздің агрохолдинг те тыс қалған жоқ, «Global Beef Investments» аме­ри­ка­лық компаниясымен ынты­мақ­­тас­­тық туралы шартқа отырды. Аме­­­ри­­­калық серіктестерімен бірге «Байсерке-Агро» Қазақстанда жоғары генетикалық малды өсіру технология­сы мен эмбриондар арқылы репродукцияларын енгізуді бастайды. Бұл үшін генетикалық зертханасы бар тұтас селекциялық орталық құрылады. Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев осы жобаның келешегімен танысып, осы бағытқа толық қолдау көрсетуге тапсырма берді.

Менің ойымша, көптеген қазақ­стандық аграршылар үшін Мемлекет басшысының Жолдауында көрсе­тіл­ген АӨК мақсаттары мен міндет­тері тұжырымдалған жолдары нақ­ты нұсқауға айналды. Бұл үшін қазақ­стан­дық аграршылардың құнды ресурс­тары бар, олар: жер, дәмді және пай­далы азық-түліктерді өндіруде ата-ба­ба­лары­мыз­дың сан ғасырлық тәжірибесі, жас сана және өз ісінде үздік болу мақсаты.

 

Темірхан ДОСМҰХАМБЕТОВ,

Ұлттық инженерлік академияның инновация жөніндегі вице-президенті, «Байсерке-Агро» ЖШС басқарма төрағасы