Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Кәсіптік білім аясы кеңейді

449 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Талғар политехникалық кол­лежінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. 

Кәсіптік білім аясы кеңейді

Жиында осы­ған дейінгі Жолдауды қолдау мақ­са­тындағы іс-шаралар талқыланып, же­тіс­тіктер атап өтілді. Мәселен, 2016-2017 оқу жылында «Барша үшін тегін кәсіп­тік-техникалық білім» бағ­­дар­ла­масы негізінде 3 айлық қыс­қа мер­зімді курс бойынша Талғар ауда­нының жұмыссыз және әлеуметтік жағдайы төмен 200 тұрғыны жұмыс­шы мамандығын оқыды. Білім алушы­лар тегін білім алып, қосымша төлем­ақымен қамтамасыз етілді. Ең бастысы, жұмыспен қамтамасыз етілді.

2017-2018 оқу жылында қоғамның қажеттілігі мен кәсіпорындардың сұраныстарына орай, «Электронды есептеу машиналарын баптаушы», «Автоэлектрик» мамандықтары ашыл­­ды. Бүгінде Талғар ауданы өңі­рі­­нен колледжімізде 50 студент осы мамандық бойынша білім алуда. Сондай-ақ 11-сыныптан кейін «Ав­тоэлектрик» мамандығы бойынша 62 білім алушыны 10 айлық бағдарлама негізінде оқуға қабылдадық.

Жолдауда атап өтілгендей, стан­дарт­тар қайта қарастырылып, кол­леджіміздің «Тігінші», «Аспаз», «Автослесарь», «Электрогаз­дәнекер­леуші» мамандықтары модульдік оқыту жүйесіне ауыстырылды.

Биылғы оқу жылына да білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында қосымша екі мамандық ашуды жоспарлап отырмыз. Ол мамандық­тар рес­публика көлемінде қажеттілік туындатып отырған «Слесарь-сантехник», «Автокран жүргізушісі», «Бульдозер жүргізушісі» сияқты жұмысшы маман­дықтары болып табылады.

2016-2019 жылдарға арналған ғылым мен білімді дамытудың бағ­дарламасын жүзеге асыру жұ­мыстары аясында 15 жоғары оқу орны­мен мемо­рандумға отырып, колледж өз жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Бү­гінде Жолдаудағы мін­деттерге жоға­ры оқу орындарымен бірлесе қол жеткізіп отырмыз. Атап айтсақ, колледжге қа­жетті маман­­дарды меморандум шарттары негі­зін­де жұмысқа қабылдау, ғылыми жұмыс­тармен бірлесе айналысу, кол­ледж оқытушылары мен өн­діріс шебер­лерінің біліктілігін арттыру мүмкіндіктеріне жол ашылды.

Жолдауда Елбасы диплом беріп қана қоймай, жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін атап өтті. Кол­лед­жіміз дуалды оқыту жүйесін қалып­тастыру арқылы бұл мәселені де 95 пайызға орындап келеді.

Былтыр оқу жылының желтоқсан айында 2 оқытушымыз Финлияндия мен Малайзия елдеріне барып білім алып келді. Гүлжаухар Нұрғалиева Финлияндия елінен менеджерлік құзыреттілікті үйреніп қайтты. Шетелдің қысқы педагогикалық тәжірибесі­мен бөлісіп қайтқан әріптестеріміз кол­ледждің басқа оқытушыларын оқы­туды жоспарлап отыр. Талғар поли­техникалық колледжі ұжымы қашанда Елбасымыздың Жолдауын қолдау мақсатындағы жұмыстарда қажыр­лықпен еңбек ете бермек.

 

Жұмағали КИБЕКБАЕВ,

Талғар политехникалық колледжінің директоры

Алматы облысы