Білім • 15 Ақпан, 2018

Басты назарда – тәрбие мен білім

366 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 19 ерекше жоба жүзеге асырылатын болады. Ал аталған бағдарламаның «Тәрбие және білім» қосымшасына сәйкес 2018-2022 жылдар аралығында жыл сайын өткізгенде 76 облыстық шара қарастырылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова хабардар етті.

Басты назарда – тәрбие мен білім

Жалпы, аталған бағдарла­маның идеологиялық және әдіс­те­мелік жұмыстарын атқа­ру барысында 2017 жылы бір­неше «Рухани жаңғыру» ка­бинеттері ашылған болатын. Атап көрсеткенде, Шортанды ауданында – 3, Атбасар ауданында – 2, Бұланды мен Жақсы аудан­дарында бір кабинеттен жабдықталды. Бұл ретте Сан­дықтау мен Бурабай аудандарында және Көкшетау қаласын­да кабинеттерді кең жолақты интернет пен мультимедиялық құрал-жабдықтар орнатылуда және фирмалық үлгідегі жарақтармен қамтылуда. Қолға алынып жатқан жобалардың ең маңыздысы, өңірдің білім беру ошақтарында ашыл­ған мұра­жайларды дамыту. Егер 2017 жыл­дың желтоқ­санында облыс­та 194 мұражай жұмыс істеп тұрса, жаңа жылдан кейін олардың саны 205-ке дейін жетті. Бұдан басқа, облыста мектеп оқу­шы­­лары мен студенттері­нің кәсіп­керлікке деген ынтасы мен қызығушылығын ояту мақсатында ағымдағы жылы бизнес-алаңдар ұйымдас­тыру да қаперден тыс қалмай­тын­дығы белгілі болып отыр.

Оған нақты мысал да жоқ емес. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында орналасқан «Әулет» мектептен тыс жұмыстарды өт­кізу орталығы базасында 130 ба­ла­ны қамтыған оқушылардың биз­нес-клубы жұмыс істеуде. Сол сияқты техникалық және кә­сі­птік білім беру жүйесінде де әр­­түрлі стартаптар іске асы­ры­лу­да. Өткен жылдың қараша­сын­­да «Профи. кз» шарасы ке­ңі­­нен аталып өтіп, онда ең үздік стартапты анықтау үшін бай­қау да жарияланғаны есте. Оның үстіне биыл Қорғалжын ауданында Қазақстанда тұңғыш рет, ал әлемде бесінші саналатын ба­ла­лардың орнитологиялық ор­т­алығы жұмыс істей бастайды. Қазіргі таңда Қорғалжын қо­ры­ғында шамамен құстардың 80 түрі ұя салатыны белгілі. Осы тұр­ғыдан келгенде балалар­дың ға­лым-орнитологтармен бір­ге зерт­теу жұмыстарына қ­аты­­­суы­на мүмкіндік туады. Бұ­дан басқа, Атбасар ауданын­да биылғы жылы жылжымалы «Мамандықтар автобусы» деп аталатын мамандандыру­ға ба­ғыт­­­талған орталық жұмыс істей бастайды. Атал­ған орта­лықтың негізгі жұмысы­ның бірі – жастар мен жасөс­пірімдер­дің мамандық таңдаудағы бағы­тын ай­қындауға жәрдемдесу. Соны­мен қатар Көкшетау қала­сы білім беру бөлімі буктрейлер-жобасына бастама­шы болды. Онда қазақстан­дық және шетелдік 130 автордың кітап­тары музы­ка­лық сазбен әрлендіріліп, әр­түр­­лі есте қа­лар­лық жайттар­мен көм­керіліпті. Бұл да көңіл мар­­қайтар іс екені айтпаса да түсі­нікті. Осылайша өңірде біршама жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы