24 Қараша, 2011

Тәуелсіздікке том-том тарту

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үш жүз жыл аңсаған Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығын атап өтуге де санаулы күндер қалды. Осы қасиетімізді қастерлеу ісіне жеке адамнан бастап, ұжымдасқан ұжым­дар да өз үлестерін қосуда. Соның бір дәлеліндей, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет тарихы институтының ұйытқы бо­луымен кітап көрмесі болды. Мемлекет тарихы институты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен осыдан 3 жыл бұрын шаңырақ көтерген еді. Атаулы уақыттан бері бұл мекеме 30-ға    таяу еңбекті жарыққа шығарыпты. Ал Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 24 кітапты жоспарласа, соның ал­ғаш­қы 10 томы жарық көріпті. Сол кітаптардың тұсаукесер рәсімінде жаңа көзқараспен елдік тұрғыда жазылған рухани құндылықтардың арқауы әңгіме болды. Жарыққа шық­қан ғылыми дүниелердің қата­рында «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «Новейшая история Казахстана: кризис и распад советской системы, І том», «Новейшая история Казахстана: выход из кризиса, ІІ том», «Новейшая история Казахстана: устойчи­вый Казахстан, ІІІ том», «Независи­мый Казахстан и Лидер нации», «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті: жылнама құжаттары», «Тәуелсіз Қа­зақстан тарихын зерттеудің өзек­ті мәселелері. Оқиғалар хрони­касы», тағы басқа еңбектер бар. Бұл кітаптарда Қазақ мемлекетінің қа­лыптасуы мен дамуының кезеңдері, қазіргі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістер баяндалған. Тұсаукесер рәсімінде Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған, саясаткер К.Бұрханов, та­рихшы А.Қашқынбаев сөйлеп, тә­уелсіз еліміздің тарихына қосылған тың туындылар туралы өз байлам-пайым дарын айтты. Сүлеймен МӘМЕТ.