Футбол • 16 Ақпан, 2018

Жорже Жезуш: "Астана" тактикасы мықты ұжым екен

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» - «Спортинг» арасындағы ойыннан кейін бас бапкерлердің баспасөз мәслихаты өтті.

Жорже Жезуш: "Астана" тактикасы мықты ұжым екен

- Бірінші таймнан кейін шәкірттеріңізге не айттыңыз? Олар мүлде басқаша ойнап кетті ғой.

- Лиссабонға жеңіспен оралатынымызға қуаныштымын. Бұл жерден көптеген командалар көңіл-күйі түсіп қайтқан еді. Бірінші таймда біздің сол қаптал нашар ойнады. Себебі, олардың оң қапталы белсенді болды. Үзілісте, жігіттерге өздерінің үйреншікті ойынын көрсетуін ғана сұрадым. Дегенмен, керекті нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз.

- Жасанды алаң ойын барысына қатты әсер етті деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, «Астана» бірінші таймда жақсы ойнады. Біз қате тактика алып шыққандай көріндік те, бірнеше қателіктер жасадық. Тек екінші таймда ғана өз-өзімізге келе алдық.

- «Астананың» бүгінгі ойынын қалай бағалар едіңіз?

- «Астана» команасы өз алаңында жақсы ойнайтынын біліп келдік. Енді екінші ойында Лиссабонда біз өте сенімді өнер көрсететін боламыз. Себебі, алғашқы матчта теке-тірес тағыдырын шештік деп ойлаймын. Сейду Думбия көптеген гол салып, мүмкіндіктерін мүлт жібермей жүр. Оның ойыны жақсарып келе жатқанын айтқым келеді. Ал Коэнтраоны алмастыруымның себебі, оң қапталдағы «Астананың» ойыншысы қайта-қайта алдап, өтіп, қауіп төндіре берді.

- «Астана» келесі ойын алдында ешқандай мүмкіндіксіз қалды? Ал «Спортинг» үшін ең басты мәселе не болды?

- Біз үшін ең үлкен мәселеміз жасанды алаң болды. Ауа-райы біз үшін қатты әсер ете қойған жоқ. Сырт алаңда ойнау кез-келген командаға қиын. Ал «Астана» секілді өз алаңында жақсы ойнайтын ұжымдарға қарсы матчта нәтижеге қол жеткізгенімізге ризамын.

- «Астана» командасы бірінші болып гол соққан кезде Сіздің ойыңыз қалай болды?

- Қарсылас техникалық жағынан сапалы екені белгілі. Ерекше ойын үлгісіне ие, мығым ұжым. Олар кез-келген қарсыласты ұтып кете алатын жағдайы бар. Тактикалық тұрғыда да, мықты екені көрініп тұр.

- Енді осыдан кейін жауапты матчта екінші құраммен шыға салатын да шығарсыз...

- Мен нәтижеге ризамын. Дегенмен, футболда барлығы мүмкін. Менде екінші құрам деген жоқ. Барлық футболшылар мен үшін бірдей. Сондықтан да, екінші ойын алдында кімді шығаратынымды қазір-ақ айта саламын.

 Ермұхамед МӘУЛЕН