Қазақстан • 16 Ақпан, 2018

Мемлекеттік тапсырыс аясында былтыр 40 сериал түсірілді - Дәурен Абаев

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік тапсырыс аясында былтыр 40 сериал түсірілді. Олардың он екісін коммерциялық арналар жүзеге асырды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Дәурен Абаев хабарлады.

Мемлекеттік тапсырыс аясында былтыр 40 сериал түсірілді - Дәурен Абаев

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

"Салыстыру үшін айтайын, 2016 жылы сериалдардың толық хронометражы 2 жарым мың сағатқа артық болды. Біздің сериалдарды көрсетуге Ресей, Қытай, Қырғызстан мен өзге мемлекеттер қызығушылық танытты", деген министр телеөнімдерді тұтынушылардың дені шет елдерде тұратын отандастарымыз екенін, шеттегі қандастарымыздың аудиториясын есте шығармау қажеттігін атап өтті.

Одан бөлек министр телебағдарламалар, реалити-шоу, мультфильм, көркем және деректі фильмдерді тамашалап, оларды демеу мақсатында тиімді келісімдер орындалғаны турасында тілге тиек етті. Осы ретте министр "Astana media week" халықаралық медиа-аптасының жоғары деңгейде өткенін, оған 25 арна мен жүзге жуық продакшн компаниялар қатысқанын айтты.

Ая ӨМІРТАЙ,

"Егемен Қазақстан"