«Жүрегінің иесін» іздеген мұңлық

Қазақтың көбеймей отырғанын кәрі қыздан көріп, сол күйеуге шықса, бүкіл мәселе тап қазір, табан астында шешіле қалатындай өзеуреп шығатындар оң жақта отырып қалған мұңлықтарды құлаш-құлаш мақалалармен мыжып-қажап келе жатқанына қаншама жыл. 

Егемен Қазақстан
16.02.2018 3560
2

Үйіндегі туысынан бастап көшедегі таксистке дейін тергелетін кәрі қыздың өмірі ернін сылп еткізіп әңгіме соғатын екеудің емініп, езіліп отырып айтатын ең сүйікті тақырыбы. Бұл аз болса, екі бүйірін таянған, өмірге өкпелі бір көкдолы кейіпкер керек болса, ара-тұра киноның да ішінен табылып жатады.

Мейірімді мінезі баяғыда-ақ менмендікпен айырбасталып, талғамының биіктігі теңін та­буға тосқауыл болып, отыздан­ ас­қанша оң жақта жүрген бой­жет­кендер осы үйреншікті «әлем­­­нен» аттап, өктем басып ен­ді театр­дың сахнасына келген­де,­ тік­сіне қабылдағанымыз рас.­­ Өйт­кені қоғамдағы кәрі қыз­ мә­селесі уақыт өткен сайын өз жа­расын өзі жалап жазып, іш­тен тынып, тұйықтала түсетін бой­дақ қыздардың өзі секілді өнер үшін де бұйығы, «жабық» тақы­рып болып келген еді. Алайда қазақ сахнасының бұл мұңлы кейіп­керді күткеніне көп болды. Шектен тыс көбейіп бара жатқан кәрі қыздар өздерінің «ұсақ-түйек» мәселе емес, қажет етсе, қатпар-қатпар қасіретінің төркіні қоғам қалыптастырып жат­қан құнсыз түсінік пен арзан моральға қатысты қалыңдап ба­ра жатқанын көрсете алады екен. Өзіне шыжық болса да, кәрі қыздың өмірі кімге де бол­са қызық, ол қандай көркем жанр­дың тілімен сөйлесе де, көңіл аудар­та­тыны өтірік емес. 

М.Әуезов атындағы Қазақ мем­­лекеттік академиялық драма театры қойған  «Жүрегімнің иесі» ат­ты пьесаның о бастан театрдың Кі­ші залына орайлас­тырылып жазыл­ғанының өзі – спектакльдің ең алғашқы оң­ ше­шімі. Кіші зал – кейіп­кер­мен сырласудың таптырмас мүмкіндігі. Күйеуге шықпай, жас­тық шағын ұзатып алған Дариға әр көрерменнің жанына келіп, иығына басын сүйеп, жан сырын айтты. Оның айтып отыр­ғаны ойдан құрастырылған ер­тегі емес. Өзі сияқты тұрмыс құ­­ра алмаған мыңдаған қыздың бұл тек біреуі ғана, әркімнің басында жеке-дара өтіп жатқаны болмаса, себебі де, оқиғасы да ұқ­сас қоғамдағы типтік көрініс. Көп­шіліктің көзқарасында, кәрі қыз – толыққанды адам емес. «Екі жарты, бір бүтін» болып өмір сүруді аңсаумен-ақ арманына қолы жетпеген сол жартыкеш, жа­рым бақыт иесі осы уақытқа дейін іштен тынып келгенім же­тер дегендей, ақыры жарылды. Қорықпады. Ақталмады. Әдет­тегі «ұят боладыны» ұясына қуып тықты да, не үшін кәрі қыз болғанын жасырмай айтып берді.
Жас драматург, театртанушы Ай­дана Аламанның бұл пьесасы, ең алдымен, драматургияға тың идея, дара мінезді кейіпкер әке­ліп қосуымен құнды. Ал бұл жаңа идеяны режиссер Ари­даш Оспанбаева тосын әрі заманауи соны тәсілдермен өріс­те­те­ түс­кен. Басты рөлдегі Сая­жан­ Құлымбетова мен Гүлнұр Шың­­ғысова сахнадағы заман­дасы­ның сырымен сырттай емес, етене таныс, образды өз іші­нен «өн­діріп» шығарған. Театр­дың балет­мейстері Гузель Мұхамет­жанова қойған  би сахналары жеке әңгіме қозғауды қажет ете­тін ізденіске толы еңбек. Су­рет­ші Қабыл Халықов басы ар­тық декорацияның бәрінен қа­шып, қарапайымдылық пен жұ­таң­дыққа мағына сыйғызып, сах­налық минимализді құп көрген. Бір сөзбен айтқанда, бұл – жастардың туындысы. Жас адамның жүрек лүпілі, жастардың сезінуі, жасқа ғана тән еркіндік – театрдағы әдепкі таптаурындықты тас-талқан етуге жасалған талпыныс.

Әдетте, кәрі қыз деп кімді айтады? Бұл топқа жасы 30-дан асқан, өзіне де, өміріне де жауап бере алатын, рухани да, материалдық жағынан да тәуел­­сіз, еркін қыздар жатады. Қара­пайым қыздар кәрі қыз атана бер­мейді, себебі олар жылдам күйеуге шығып кетеді. Көбіне көз ­тартатын сұлу бикештер отырып қалады. Міне, өмірдің осы әділетсіздігімен әдемі қыздар еш келісе алмайды. Дариға да солай. Жалғыздықты құдайдан жалынып жүріп сұрап алғандай, кәрі қыз біреуге кедергі келтіретіндей, қоғам болып қыспаққа алып, көз­түрткі жасайтындары тіпті жаман. Бұл да әділетсіздік.
Жалпы сюжеті осындай, ба­сы ар­тық декорациясы жоқ спек­такль­де режиссер негізгі екпін­ді бас кейіпкердің өзіне түсір­ген. Қойылым бір адамға құрыл­ғандықтан, моноспектакль деп атауға толық негіз бар. Жансая құр­бысы мен Дубайда кездес­кен жігіт секілді оқиғаны өріс­тетуге жанама ғана әсері бар бірді-екілі кейіпкерді есепке алма­ған­да, оқиғаны бастайтын да, дамы­татын да Дариғаның өзі. Экс­периментальды, жаңашыл дүние болғандықтан, көрермен болып отырып, біз де бір сәт дәл осы спектакльге эксперимент жа­сап көргіміз келді. Мә­се­­лен, қазақ театрының туын­ды­сын тама­шалауға келген еуро­палық – ағылшын әлде неміс көрер­меніміз. Спектакльді синхронды аудармамен тыңдап отырмыз делік. Ұяң, әдепті, өнегелі тәрбие алып өскен Дариға жоға­ры білім алып, магистратура бі­ті­ріп, бір ірі компанияның бас менед­жеріне дейін көтеріліп, барлық материалдық мәселесін өзі шешіп, аяғынан нық тұрған нағыз «атжалман» аруға айналған. Сөйтіп жүріп жасының қалай 38-ге келгенін білмей қалған Дариғаның не үшін кәрі қыз болып, қу тізесін құ­шақ­тап қалғанын түсіне алмай аһ ұрып, жылап жүргенін анау шетелдік түсіне алар ма еді? Азамат­тық қоғамда, азаматтық некеде өмір сүре беретін еркін елдің өкілі Дариғаның мұңын түсі­ніп, оған дем бермек түгілі «Мы­наның есі дұрыс па? Несіне жылайды? Бір жігітпен танысып, бірге тұрып, бақытты өмір сүре бермей ме? Сол да сөз бе екен?» деп кірпігін қағып-қағып, түк түсінбей, сансыз сауалдың құр­сауын­да отыратыны анық.

Бойына шақ ілім-білім жи­на­ған, қызметі бар, ақылды, көрікті дәл осы Дариға жаман бол­ған­дықтан жалғыз қалып, кәрі қыз атанды ма? Анықтап қарағанда, «кәрі қыз» деген ұғымның өзі әлеу­меттік категориядан бұрын – таза ұлттық сананың жемісі. Бұл ұятты жоғары қойып, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын, ақ некенің қасиеті мен киесін ақы­ретке дейін аялауды жөн санап, ұр­пағының санасына сіңірген ұлт­тың қаракөзі жамандығынан емес, адалдығынан осы ұғымның құр­банына айналып бара жатқан жоқ па? Режиссер салмағы ауыр сұрақ­тың астарын жалған пафос, өті­рік пәлсапаға құрылған жансыз диалогтармен емес, өткір ой, дәлел­ді уәжбен ширатып, қылдан да нәзік осы шындықты жете түсі­нуге қарай жетелейді.

Дариға жайдан-жай, бір күн­де кәрі қыз бола салған жоқ. Ен­деше пьесаның композиция­сына өзек болып тұрған оқиға мен шие­леністің де себебі болмауы мүм­кін емес. Тәсілі тамаша табыл­ған:­ уақыт, оқиға кері айналады. Яғни «не үшін кәрі қыз атан­ға­нын» түсінбеген Дариғаның 38 жастан бастап 23 жасқа дейінгі өмірі кері қарай көрсетілгенде, барлық сұрақтың шешімі табылады. Жас қыздың өмірінде болуы тиіс қуаныш пен қызықтың бәрі болған екен. Жігіт те, сезім де, махаббат та, сүйіспеншілік те, бәрі болған. Өмір – мүмкіндіктер кезеңі, тағдыр оған бір емес, бір­неше мүмкіндік тарту етті – Арман, Мұрат, Марат, Жарас, Жалғас секілді жалғаса беретін бі­рі актер, бірі ақын, бірі бизнесмен жігіттердің қай-қайсысы да Дариғаның бақыты болуға лайық еді. Бірақ махаббатқа ессіз сенген адалдық та адамға қиянатын қалдырып кетеді екен. 23 жасында тас-талқан болып, тапталып қалған сенімін ендігі жерде ешбір үміт те, сезім де жалғап бере алмақ емес. 

Спектакльді екі құрамда да­ тама­ша­ла­ғандықтан, салыстыр­малы ой түюге мүмкіндік мол. Екі актрисаның да, Саяжан Құлымбе­това мен Гүлнұр Шыңғысованың рөлдің ішкі қуатын бос сөзбен тол­тыруға тырыспағаны қуантты. Кейіп­кердің ішкі психологиясын ашып көрсетуге бағытталған моно­спектакльдердің үлкен кемшілігі, бәлкім артықшылығы – ол жай ғана тілдің тақылдаған техникасына сүйеніп алып баяндамашы болды ма, әлде образдың ішіне сүңгіп, се­зінді ме, бірден байқалады. Сая­­жанның «кәрі қызы» өмірге өк­пелі, сол өктемдігі шиеленіскен күйі қойылымның бүкіл өзегін бой­лап, ақырғы көкейкесті мақ­сатқа апарады. Актриса сөз өрне­гі арқылы да іс атқаруға болаты­нын көрсетті. Ал Гүлнұрдың Да­­­ри­ғасы пластикалық ойын өрне­гінде жарқырай көрінеді. Се­­бебі режиссер қыз бен жігіт ара­сындағы сезімнің, бір сахнадан екін­ші сахнаға өту кезеңіндегі оқи­ғалардың шешімін би арқылы тапқан. Би қойылған шетелдік әндер де бой шымырлатар эро­тикалық көріністерді жеткізуде аз рөл атқарып тұрған жоқ, кері­сінше белгілі бір мөлшерге ба­ғын­дырылған сахна эстетикасына сай орындалуымен спектакль мазмұнын байыта түскен. Жастардың арасында қалыпты жағдайға айналып бара жатқан жауапсыздық, сатқындық, жалпы махаббаттағы ащы шындық осылай айтылуымен әлдеқайда өтімді. Қысқасы, қыздар соқтасы шыққан жара жайлаған теріні тіліп тұрып тұз септі. Кәрі қыз ту­ралы өтірік жылап айта бергенше, оны өмірге өгей еткен себеп­терге үңіліп қарауды сұрады. Өмір­де жоқ, болуы да мүмкін емес өзі қиялдан жасап алған идеал жігіттің бейнесін жүректен жұлып алмай, жылдармен бірге өсе беретін өзімшілдікті өлтірмей, кө­ңіл­ді күнді кем қылған тағдыр да еш­қашан өңі жылып, өзгермейді...

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

20.03.2019

С.Жээнбеков: Назарбаев – ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға

20.03.2019

Білге қағанның жолын басқан көшбасшы

20.03.2019

Б.Тілеухан: «Алаштың алғысы айрықша»

20.03.2019

Н.Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2019

Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясаткер екенін айтты

19.03.2019

Түркі дүниесінің Ақсақалы болып қала береді - Расим Мусабейов

19.03.2019

Н.Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы тосын жаңалық болды - Робин Форестье-Уокер

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу