Аймақтар • 18 Ақпан, 2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев кеше грейдер лю гонг деген техниканың рөліне өзі отырып, коммуналдық сала қызметкерлеріне шаһар көшелерінің қарын тазалауға жәрдемдесті. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында «демалыс күндері қар тазалап жүрмін» деп жазды.

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

Әлеуметтік желі қолданушылары да мұны қолдап, өз пікірлерін қалдырып жатыр. Желі қолданушыларының бірі «Міне, азамат. Халықтың қалаулысы осындай болу керек. Көп жігіттерге үлгі болды» деп жазса, енді бірі: «Керемет. Көктемде не істейсіз?» деп әкімге сұрақ қойыпты. Оған: «Көктемде тасқынның алдын алу жұмыстарын қолға аламыз. Атқарылар шаруа көп» деп жауап беріпті Қ.Тұмабаев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН