Ауа райы • 07 Мамыр, 2024

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay.com

 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, елімізде найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел соғып, тұман түседі. 

«Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста, оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі», дейді мамандар.

 

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, топырақтың беті қатып, үсік жүреді.  

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.