Қазақстан сауатты бастамалар мен дәйекті стратегиялық жоспарлау нәтижесінде дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыруға байланысты жүзеге асырылуы тиіс өзгерістерді зерделей отырып, Қазақстан экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін міндеттерді нақтылап берді. Бұл Президенттің биылғы Жолдауында нақты көрініс тапты.
Экономика, мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау және басқа да салалардың тіректерін нығайту елді қазіргі заманғы озық елдерге интеграциялауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан өзінің алдына қойған биік мақсаттарға халықтың ауызбіршілігі, елдегі этностық топтардың өзара келісімі мен татулығы арқасында жететініне сенім мол.
Грекия мен Қазақстан арасындағы парламенттік достық тобының төрағасы ретінде мен демократия мен теңдіктің қағидаттары мен функцияларына негізделген Қазақстанның дамуына бағытталған барлық игі шараларға қолдау білдіремін.
Леонидас ГРИГОРАКОС,
Грекия Парламентінің депутаты, «Қазақстан-Грекия» парламенттік достық тобының төрағасы