Қазақстан • 20 Ақпан, 2018

Қазақстан – дамудың даңғыл жолында

1154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан – дамудың даңғыл жолында

Қазақстан сауатты бастамалар мен дәйекті стратегиялық жоспарлау нәтижесінде дамудың даңғыл жолына түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыруға байланысты жүзеге асырылуы тиіс өзгерістерді зерделей отырып, Қазақстан эко­номикасының дамуына оң әсерін тигізетін міндеттерді нақтылап берді. Бұл Президенттің биылғы Жол­дауында нақты көрініс тапты.

Экономика, мемлекеттік бас­қа­ру, білім, денсаулық сақтау және басқа да салалардың тірек­терін нығайту елді қазіргі заманғы озық елдерге интеграциялауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан өзінің алдына қой­ған биік мақсаттарға халықтың ауызбіршілігі, елдегі этностық топ­тардың өзара келісімі мен тату­лығы арқасында жететініне сенім мол.

Грекия мен Қазақстан ара­сын­дағы парламенттік достық тобының төрағасы ретінде мен демократия мен теңдіктің қағи­даттары мен функцияларына негізделген Қазақстанның дамуына бағытталған барлық игі шараларға қолдау білдіремін.

Леонидас ГРИГОРАКОС,
Грекия Парламентінің депутаты, «Қазақстан-Грекия» парламенттік достық тобының төрағасы