Қазақстан • 20 Ақпан, 2018

«Әзірет Сұлтан» музейінде Елбасы Жолдауы талқыланды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

«Әзірет Сұлтан» музейінде Елбасы Жолдауы талқыланды

Басқосуда музей басшысы Нұрболат Ахметжанов Жолдауда көр­сетілген ел дамуының басым ба­ғыттары мен міндеттеріне тоқтал­ды. «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» Жол­дау­ында Президент ақпараттық-техно­логиялық шешімдерді енгізу қажет­тігін баса айтқан болатын. Цифр­ландыру – заман талабы. Қазір­гі таңда цифрлы технологиясыз же­тістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес.

Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылады. Сондықтан музей ұжымын Елбасы Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына бел­сенді атса­лысуға шақырамын», деді музей директоры Нұрболат Қадыр­ұлы.

Жиынды қорытындылаған Н.Ах­­метжанов Жолдаудағы басты мін­дет­тердің бірі жаңа технология­ларды біздің еліміздің барлық эко­но­микалық саласына, соның ішінде мәдениет саласына да енгізу көздел­генін мəлімдей келе, «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұжымы да Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға атсалысатынын жеткізді.

«Егемен-ақпарат»