24 Қараша, 2011

«Береке бастауы» байқауы

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыс әкімдігі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай «Береке бастауы» деп аталатын ауылшаруашылық өнімдерінің өңірлік байқауын өткізді. Ондағы мақсат – өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арасынан бәсекеге қабілетті, сапалы әрі рынокта сұранысы мол өнімдерді өндіруші үздік шаруашылықтар мен кәсіп­орын­дарды анықтау еді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқар­ма­сы тарапынан құрылған комиссия бай­қауға қатысушылардың өнімдерін көріп, танысқан соң бағалау қорытындысын шы­ғар­ды. Байқау комиссиясы ауылшаруа­шы­лық тауар өндіру­ші­лері­нің өнімдерін өндіріс көлемі, өндірістің тұрақтылығы, өткеру рыногының ауқым­ды­лығы, ауылшаруашы­лық жәрмеңкелеріне тұрақты түрде жеткізілуі, өнімнің сапасы және бағасы бойынша бағалады. Сөйтіп байқауға қатысқан кәсіп­орындар мына номинациялар бойынша жеңім­паз деп танылды. Сүт өнімдері номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен «Байменов М.С.» ЖШС (Сарысу ауданы), 2-дәрежелі дипломмен жеке кәсіпкер «Мешелова Г.» (Жуалы ауданы) және 3-дәрежелі дипломмен жеке кәсіпкер «Лесняк» (Байзақ ауданы) марапатталса, өңделген сүт өнімдері номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен «Данегул» ЖШС (Тараз қаласы), 2-дәрежелі дипломмен «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС (Меркі ауданы) және 3-дәрежелі дипломмен «СМТС Жуалы» ЖШС (Жуалы ауданы) құрмет биігінен көрінді. Ет өнімдері номинациясы бойынша 1-дә­режелі дипломмен «Береке» ШҚ  (Т.Рыс­құ­лов ауданы), 2-дәрежелі дипломмен «Ұлы Сұлтан» ЖШС (Т.Рысқұлов ауданы) және 3-дә­режелі дипломмен «Үркер» ШҚ (Мой­ын­құм ауданы) еңбегі бағаланып, өңделген ет өнімдері номинациясы бойынша 1-дә­ре­желі дипломмен «Бриг Company» ЖШС (Қордай ауданы), 2-дәрежелі дипломмен «Ет өңдеу орталығы» ЖШС (Тараз қаласы) және 3-дәрежелі дипломмен «Ақ ниет» ШҚ (Байзақ ауданы) мерейі үстем болды. Нан өнімдері номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен «Жамбыл нан» ЖШС  (Тараз қаласы), 2-дәрежелі дипломмен «Ақ­тоған» ШҚ (Т.Рысқұлов ауданы) және 3-дәрежелі дипломмен «Rola-7» ЖШС (Байзақ ауданы) аталып, жеміс-көкөніс өнімдері номинациясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен «Шэнси» ЖШС  (Қордай ауданы), 2-дәрежелі дипломмен «Злиха» ШҚ (Жуалы ауданы) және 3-дәрежелі дипломмен «Қарлығаш» ШҚ (Байзақ ауданы) қуанышқа қол жеткізді. Сондай-ақ, «Шаушен» ШҚ (Т.Рысқұлов), «Олжас» ШҚ (Қордай), ЖК «Жапақова» (Сарысу), ЖК «Қаржауова» (Жамбыл), ЖК «Бектібаев» (Сарысу) және «Тәжібай Алашбай» ШҚ (Талас) еңбектері байқауға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» бағаланды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар