Аймақтар • 20 Ақпан, 2018

Полицейде нең бар еді, құлыным

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейбір өркөкірек жігіттер бұрынғы дағдысына басып, құқық қорғау өкілдеріне күш көрсеткісі келеді. Заңдылықты тексерген полицейлердің жағасынан алып, қорлау сөздерден бөлек, реті келсе текпілеп кетуден де тайынатындар аз емес. 

Полицейде нең бар еді, құлыным

Жақында Сарыағаш аудандық сотында осындай іс қаралған. Судья Самал Жолмұратқызы айт­қандай, жас жігіт жол ережесін өрескел бұзғанымен қоймай, осы заңсыздыққа байланысты хаттама толтырған полицейді төмпештеп тастаған. Тергеу барысында жүргізушінің кінәсі толық дәлел тапқан. Ол енді ҚР ҚК-нің «құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұ­ғу­шылық» бабы бойынша айыпталып, жазаға кесілді. Сөзі­нен қолы ұзын жігіт бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Әлеуметтік желіде жігіттер­ді қойып, әйелдердің де поли­цейлердің пагонын жұлып, аяқ-қолын сермеп ұрып жатқан сәт­тері талай жарияланған болатын. Заңдылықты жақсы біле­тін полицейлердің дені қорған­ғаннан артыққа бармай келді. «Көп асқанға – бір тосқан». Енді шоқпардай жұдырығын ала жү­гіргендер ақылға келетін шығар.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы