«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге көктемгі су тасқыны қатерін азайту үшін кешенді шаралар атқарды. Қазгидрометтің болжамды мәліметтері бойынша, жалпы елімізде қар көлемі нормадан төмен. Дегенмен, су тасқыны қаупі жердің көктемгі ылғалдану деңгейінің жоғары болуымен күрделеніп отыр. Қазіргі уақытта жер тоңының қалыңдығы 60 сантиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Бірақ, қардың жиналуы да жалғасып жатыр», - деді министр.
Оның дерегінше, ең күрделі жағдай мұздың еріп, Сырдария өзені суының деңгейінің артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында болуы ықимал. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да су тасқының орын алу қаупі бар.
«Көктемгі су тасқыны кезінде жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы топтар құрылды. 49 мыңнан астам адамнан тұратын бөлімдер жасақталды. 16800 техника бар. Су тасқыны болған жағдайда халықты қауіпсіз жерге көшіруге арналған бекеттер анықталып, бағдарлары белгіленген. Қажетті көлік құралдарымен де қамтамасыз етілген. Ұлттық гвардия мен Ішкі істер министрлігінің әскери жасақтары да дайын», - деді Қалмұханбет Қасымов.
Министрдің дерегінше, жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 3,5 млн тонна текше метр қар шығарған. 8,5 мың тонна жанармай, 125 мың тонна қажетті материалдар бар. Әкімдіктер төтенше жағдайлар болған жағдайға 24,7 млрд теңге дайындап отыр.