Аймақтар • 20 Ақпан, 2018

Маңғыстауда Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың шешімімен Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы болып Сармурзина Пания Оңалбайқызы тағайындалды.

Маңғыстауда Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

Пания Оңалбайқызы 1968 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген.  1992 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы облыстық кітапханада кітапханашы қызметінен бастады.

03.01.1995-14.02.1996 - облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы;

14.02.1996-01.10.2004 -  облыстық мәдениет басқармасында бас маман;

01.10.2004-25.06.2007 - облыстық мәдениет басқармасында бөлім бастығы;

25.06. 2007-17.07.2017 - басқарма бастығының орынбасары;

17.07.2017 жылдан бастап басқарма басшысының міндетін атқарушы болып қызмет етті.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар