24 Қараша, 2011

Партияның жаңа белестері

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясының орталық ап­па­ратында партия Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин жердің Оңтүстік полюсіне алғашқы қазақстандық экспедиция­ның басталуына байланысты топ мүшелерімен кездесті. Айтулы оқиғаның ел тәуел­сіздігінің 20 жылдығымен орай­ла­суының да өзіндік мәні бар. Елбасы, партия Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғы­мен Қазақстан осы жылдар ішінде зор жетістіктерге қол жеткізіп, қарқынды дамып келе жат­қан елдер қатарына кірді, деп атап өтті кездесуде сөз алған партия Төрағасының бірінші орын­басары. Партия мемлекет беделін көтеретін салмақты жобаларды әр­қашанда қолдап келеді. Сон­дық­тан, экспедиция құрамына өз өкілін – «Нұр Медиа» ақпараттық холдингінің жетекшісі Қайсар Жанахановты қосу арқылы осы жобаға тікелей қатысып отыр. Топ жолсапарын «Новолазаревская» стансасынан бастап, Тәу­елсіздік күні Оңтүстік полюске жетеді. Дәл айтулы күн қар­саңында Антрактидада Қазақстан туы желбірейтін болады. Қазақ география қоғамы командасының құрамына зерттеушілер де қо­сылды. Ғалымдар Антрактидада орналасқан полярлық стансаларда болып, ақ құрлықтың табиғат­тық, климаттық, экологиялық көрсеткіштері туралы ақпараттар жинамақ. Бұл сапар тек ғылыми жағы­нан маңызды болып қана қоймай, еліміздің бүкіл әлем алдындағы абыройын арттыруда да ерекше рөл атқарады. Жоба бастама­шы­лары – «Нұр Отан» партиясы мен Қазақ география қоғамы өкілдері осы арқылы қазақстандықтар­дың, әсіресе, жастардың туған елінің жеңісіне деген мақтаныш сезімін туғызуды көздейді. Елбасы, партия Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың атап өт­кеніндей, патриотизм – әрбір қа­зақстандықтың табысқа жету абы­ройы және өз майда­нында қандай жағдайда болма­сын биікті бағындыруға деген талпынысы. Және әрбір азамат өзінің осы жетістігін Отанының атын шы­ғару­ға, оның әлем ал­дын­дағы беделін көтеруге ар­науға тиіс. Кездесуді аяқтай келе Нұрлан Нығматулин экспедицияға жердің Оңтүстік полюсіне ілінетін «Нұр Отан» партиясының туын табыс етті. «Егемен-ақпарат».